–6 дауыс
1.1k көрілді

Адамдар қылмыс жасап түрмеге түседі, оны 5-6 жылдан кейін шығарады. Ертең ол басқа қылмыс жасайды, одан да неге өлтіріп тастамайды?

Негізі, әдепсіз немесе қайталанған сұрақтар болмаса, қалғандарын жаппаған дұрыс. М.Қаниев жиі сұрақтарды  себепсіз жауып тастайды.

17 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап

Адамда ең біріншіден түйсік болу керек. Егер мынадай жаза қолданатын болса қазақ болып қалыптасуымыз мүлдем қиын.

Сен қисынға келмейтін пікір айтып отырсың. Түрмеге адам біреулер қылмысымен түссе ал екінші біреулері мүлде жазығы жоқ адамдар түседі.

Ал қазіргі кезде жазықсыз адамдар көптеп кетіп жатыр сол түрмеге сонда оларды жазықсыздан өлтіре сала ма?

Ал маке саке дегендермен құтылып жатқандар қаншама ал олар бостандықта жүр

Енді біреулері сол түрмеде отырып намаз оқып дін жағына кетіп жататындар барү.

Барлығы бірдей түзелмегенімен түзеліп жатқандары бар.

 

0 дауыс

Оларда біреудің баласы, біреудің ағасы, біреудің інісі.

0 дауыс

Қылмыс жасады деп қыра берсе қазақтардан не қалады?!

0 дауыс

Тағы да қуатын болыпты ғой елдерің

Недеген қатал адамсыз?! Адамдардың бір  қателігі үшін сондай жаза беруге (өлтіру) қарсымын. Қылмыскерлердің барлығы бірдей болады деп ойламаймын. Кейбіреулері әдейі істесе, байқамай немесе біреудің айтқанымен қылмыс істейтіндер де  болады... Және олар өз жазаларын алады емес пе?!  

0 дауыс

Қазір ешкім өлімнен көп қорықпайды. Керісінше солай жазалау керек. 5 жыл отыру да оңай емес. Мүмкін бес жыл ішінде түзелетін шығар.

0 дауыс

Қылмыс жасады деп қыра берсек жер бетінде Қазақтар қалмайдығой.

0 дауыс

Бізде өлім жазасы жолға қойылмаған, ең жоғарғы жаза қатаң түрдегі түрмеде өмір бойы бас бостандығынан айыру. Адамдарды зорлап,қинап өлтірген қылмыскерлерді өлтіруге мен де келісім беремін. Оларды өлтіру керек 

bek_86med, бізде өлім жазасы қылмыстық кодекстен алынып тасталған жоқ, ол жаза әлі бар, тек оған байқау ретінде уақытша қолданбауға мароторий жарияланған.
0 дауыс

Біз Казактар емес ҚАЗАҚтармыз.

0 дауыс

Хахахах неме дисін Қазақтар оянанындар деген сұрақ болама дқрыстап қой өндеп онв бізге немінеге айтасын бізге айтқана бір нәрсе өзгерема әлде біз басқа заң шығарамызба  Сен үкімет болса Құдай білер бәрін қыратын сияқтысынғой біреуге ашулысынба әлде ала алмай жұрген кегін барма

0 дауыс

Мен  сіздің  ойыңызбен  толық   келісемін  оның  арасында  өлтіруге  болатын  немесе  болмайтында  бар  ұрлық  қылғандардың  қолдарын  шауып  кішкентай  қызды  зорлағандарды  және  адам  өлтіргендерді  өлім  жазасына  кесу  керек  Осындай  жазалар  қолданғанда  елімізде  бәлкім  қылмыстар  азайып  қалар  еді.Бұл  менің  ойым

0 дауыс

 Зайырлы мемлекеттерде барлығы заң аясында болады ғой, бізде заң солай қаралған. Десек те кейбір майда - шүйдеге қатал заң, түйені түгімен, мамонтты жүнімен қылғытатындарға әлсіз болып жатады, сол жағы өкінішті.

0 дауыс

"Казактар оянанындар?" деп жазған адам қайбір дұрыс адам дейсің.

+1 дауыс
Өлтірудің қажеті жоқ, құдай о дүниеде лайықты жазасын береді...
+1 дауыс

1.Қазақстанда өлім жазасына мораторий жарияланған еді, 2007 жылы.

2.Қылмыс жасағанда алғашқы қылмыста 5-6 жыл болар, бірақ қайталанса 10 жылдан кемге отырмайды.

3.Өлтіргеннің несі жақсы?

Өлім жазасы - ҚР Қылмыстық Кодексі бойынша ең ауыр жаза.

49-бап. Өлiм жазасы

Өлiм жазасы - ату жазасы адамдардың қаза болуына ұштасқан террористiк қылмыстар үшiн, сондай-ақ соғыс уақытында жасалған аса ауыр қылмыстар үшiн ең ауыр жаза ретiнде белгiленедi, ондай жазаға кесiлген адамға кешiрiм жасау туралы өтiнiш ету құқығы берiледi.

Өлiм жазасы әйелдерге, сондай-ақ он сегiз жасқа толмай қылмыс жасаған адамдарға және сот үкiм шығарған сәтте алпыс бес жасқа толған еркектерге тағайындалмайды.

Қазақстан Республикасының Президентi өлiм жазасын орындауға мораторий енгiзген кезде, өлiм жазасы туралы үкiмдi орындау мораторий қолданылған уақытта тоқтатыла тұрады.

Өлiм жазасы туралы үкiм ерте дегенде ол күшiне енген сәттен бастап бiр жылдан кейiн, сондай-ақ өлiм жазасын орындауға мораторийдiң күшi жойылғаннан соң ерте дегенде бiр жыл өткеннен кейiн орындалады.
Өлiм жазасы кешiрiм жасау тәртiбiмен жазаны ерекше режимдегi түзеу колониясында өтеу арқылы өмiр бойы бас бостандығынан айыруға немесе жиырма бес жыл мерзiмге бас бостандығынан айыруға ауыстырылуы мүмкiн. Өлiм жазасына кесiлген адамдардың, өлiм жазасын орындауға мораторийдiң күшi жойылған жағдайда, олардың мораторий енгiзiлгенге дейiн өтiнiш бергенiне немесе бермегенiне қарамастан, кешiрiм жасау туралы өтiнiш беруге құқығы бар. (дерек көзі)

0 дауыс

Адамды өлтіру оңай нәрсе емес. Оның үстіне, түрмеде отырғандардың жартысы кінәсіз адамдар. Оларды біздің полицайлар тергеу кезінде ұрып-соғып азаптап, мойындатып жіберген.

...