Artisteer бағдарламасына байланысты бірнеше сұрақтарым бар еді, жауап бере аласыздар ма? [жабық]

+2 дауыс
580 қаралым

Artisteer бағдарламасына байланысты 1-2 сұрағым бар еді. 

Былтыр сайт жасап жүрген кезімде бір сілтемелер арқылы Джумлаға шаблон жасау үшін Artisteer бағдарламасының тигізер пайдасының көп екендігін білген едім. Интернеттен көшіріп алдым. Қазақылыққа басып активациясын анандай жолдармен жасай салдым. Хош, жақсы бір шаблон жасап алдым, енді сақтайын десем "иттің баласы" сақтамайды. Сөйтсем әлгіні таза лицензиясын алмасаң солай қанды ішеді деп тағы бір естідім. Неге екені белгісіз, бәлкім алатын жер таппадым, әлде бағасын қымбатсындым, әйтеуір алмадым. Енді сол бағдарламамен жұмыс істейтіндер бар ма? Бар болса қалай, сатып алып жатырсыздар ма, жоқ сіздер де "қазақылап" алдыңыздар ма? Сол жағына жөн сілтеп жіберсеңіздер...Былайша сұрақ көп сияқты еді, ұмытып калдым ғой деймін, әзірше осыны бір көрейік...

Сұрақтың жабылу себебі: жауап жоқ
• Санаты: Сайт жасау, Сайт өңдеу | 580 қаралым

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
0 жауап
127,939 сұрақ
322,826 жауап
153,169 пікір
72,939 қолданушы