0 дауыс
10.5k көрілді

Құс жайында білгім келген? 

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

  Колибри (Trochіlі) – ұзынқанатты құстар отрядының бір тармағы. Колибридің қазіргі кезде бір тұқымдасқа жататын 321 түрі Солтүстік және Оңтүстік Америка өңірінде кеңінен таралған. Денесінің ұзындығы 5,7 см-ден – 21,6 см-ге дейін, салм. 1,5 – 20 г-дай. Жер бетіндегі ең ұсақ құстар. Қораздарының қауырсындары түрлі-түсті құлпырып тұрады, алмекиендерінің түсі біркелкі болып келеді. Тұмсықтары жіңішке әрі ұзын, кей түрінде иіліп келген, гүл шырындарын соруға бейімделген. Төс сүйегінің қыры, бұлшық еттері жақсы жетілген. Колибрилер тез ұшады, әрі ұшу бағытын үнемі өзгертіп отырады. Кейбір ұсақ түрлері қанаттарын секундына 80 рет қаға алады. Колибри, көбінесе, гүл шырындарымен, кейде өрмекшілермен де, жәндіктермен де қоректенеді. Олардың денесінде зат алмасу өте қарқынды жүреді. Жүрегі үлкен әрі қанның құрамындағы гемоглобиннің мөлшері де көп. Белсенді тіршілігін қамтамасыз ету үшін көп қоректенеді. Араларында қоныс аударып тұратындары да кездеседі. Ұяларын ағаштарға, бұталарға, ал кейбір түрі жартастарға, ағаш жапырақтарына сілекейімен жапсырып салады. Жылына 2 – 3 рет 1 – 2-ден жұмыртқа салып, оны мекиендері шайқайды, балапандарына қамқорлықты да аналықтары жасайды. Балапандары қызылшақа болады. Көпшілігі гүлді өсімдіктерді тозаңдандырып едәуір пайда да келтіреді. Әсемдік үшін көп ауланады. Бұлардың жылдан-жылға санының азаюына байланысты 6 түрі Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген.[1][2]

Колибрлер – әлемдегі ең кішкентай құс. Оңтүстік Американың Амазонка бассейндерінде, ылғалды жазықтарда сондай-ақ таулар мен шөлейттерде мекендейді. Олар жерде жүре алмайды, себебі аяқтары өте әлсіз болады. Есесіне қанаттарының бұлшықеттері күшті жетілген. Олардың иықтары басқа құстар секілді жоғары-төмен қозғалмайды, қанатының ұшымен көлденең жатқан сегізді сызғандай қалыпта айналып отырады. Колибрлер қанатын жылдам қағады: олар тұрған жерде кішкене дақ тұрғандай көрінеді, олардың үні де әлсіз. Колибрлердің асқазаны үш есе үлкен болып, құстың ішкі құрылысының жартысын алып жатады. Колибри әрбір он минут сайын тамақтанады. Олар күніне өз салмақтарынан 2 есе көп тамақ жейді. Олар гүл шырындарымен, ұсақ жұмсақ жәндіктермен, өрмекшілермен қоректенеді. Колибрлер гүлге жақын келіп, қанаттарын айналдыра тұрып гүл тостағаншасына ұзын сүйір тілін сұғып шырын сорады. Олардың тағы бір ерекшелігі бар. Ол - артқа ұша алатын жалғыз құс. Ұяны жасайтын да, балапан басатын да анасы. Ол ұясына 2 жұмыртқа салады.

Топазды колибрлер - үлкен өзен жағалауларында тіршілік етеді. Олар су бетіне жақындай ұшып, жәндіктерді аулайды. Күндіз олар биік ағаштардың көлеңкелерін сағалайды. Ұяларын суға қарай майысып тұрған бұталарға, бір-бірімен айқасып жатқан ағаштарға салады.

Зымыранқұйрықты колибрлер - ең кішкентай құстың бірі. Үстіртті жерлерде тіршілік етеді, қанаттарының қауырсындары ұзын, ұшында кішкене дөңгелекше бар сымға ұқсайды. Қылыштұмсық колибрлердің денесі ірілеу келеді: басын, денесін, құйрығын қосқанда 1,1 см болады, тұмсығының ұзындығы да дәл 1,1 см. Мұндай ұзын тұмсық құстың үлкен сабақты гүлдердің шырынын соруға қажет болады. Ол отырғанда тұмсығын көкке көтеріп ұстайды да, ұшқанда алға қарай горизонтальді етіп созады.

 

Рахмет саған, Википедия!
0 дауыс
Шарапи. .....................................Я
...