0 дауыс
13.5k көрілді

Жылқыда қанша тіс болады? Абылай ханның атында қанша тіс болған?

3 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап

Жасына қарай тістері өсіп отырады!

Төрт түліктің ішінде тек жылқының ғана асты-үстінде маңдай тіс болады. Құлын-тай кезінде асты-үстінде жиыны 12 балғын тіс болады. Тайында тісемейді, бірақ сақау деген дерт тамағының астынан жарып шығады. Құнанында ортаңғы 2 тіс түсіп, асты-үстінен 2-ден 4 қасқа тіс көктеп шығады. Бұл тісеу барысы шілде мен қазан айы аралығында болады. Дөненінде және асты-үстінен 2-ден тіс түсіп, тағы 4 тіс көктеп шығады, бестісінде астыңғы ат азу деп аталатын жалғыз азуды жарады  (ішінаралары 6 жасында жарады), 6 жасында үстіңгі ат азуды жарады. Кейбір жылқы сирек кездесетін қос азу жарады. Ішінара жылқыда жанама азу жарысып, қос азу сияқты көрінеді. Жанама шыққан жалғыз азу сирек кезігетіндіктен, қос азу, нысаналы деп жатады. Бұл жалғыз азу 12 жасқа дейін үшкірленіп, өткір келеді. Маңдай тіс пен алқым азудың аралығына дара шығады (үстіңгі ат азу қысқа болады). Ол маңдай тіске таяу, аралығына арпа дәні сиятындай болса ат елпек, шапшаң, кейінірек шықса сағыздау болады. Ат азудың ұшы артына қарай қайқайып шықса қайратты болады деп қарайды. Мыңда бір атта ат азу болмайды. Мұндай жылқыны ерекше жүйрік болады деп қарайды. Осы жылы ең шеткі 2 құлын тісі түсіп, ең соңғы 4 тісі қайтадан шығып, асты-үстінде 6-дан, 12 тіс толықтанады. 7 жасқа толғанда екі шеткі тістің де мөрі шығып, барлық тістің мөрі айқындалады. Содан 8 жасқа шыққанда барып ортаңғы 2 тістің мөрі өшкіндей бастайды. 9 жасында ортаңғы 2 тістің мөрі өшіп майдаланады, мұны «тілдігін басты» дейді екен. Осы кезде шеткі 4 тістің мөрі толық айқындалады, алқым азуы толады. 10 жасында ортаңғы 4 тістің мөрі өшіп тегістеледі, яғни тістің беті майдаланады. Алқым азулары толықтанғанда аттың жалпы тісі 40-қа, биенікі 36-ға жетеді. 11−12 жасында астыңғы-үстіңгі тістер түгел теңеледі. Жалпы алғанда тісте мөр қалмайды, әрине, қайратты, асыл жылқылардың жөні бір басқа. Жылқы тісінің ортасында сары өзек пайда болғаны жасының ілгерілегені есептеледі, мұны «сарқайрақтады» дейміз. Үстіңгі жалғыз азу мүжіле бастайды. Кәрілігі жетпеген жылқының тісінің мөрі кеткенімен, тісі жантаймай тік тұрады. 13−14 жасында тістің реңі бүтіндей сары түске өзгереді. 16−17 жастарында тістің ортасына қара өзек тереңдеп, шөп шайнары сыр бере бастайды, «тіс кетсе, күш кетеді» деген осы емес пе. Бұл кезде үстіңгі жалғыз азу мүжіліп тұқылданады, қызыл иек деген осыда. Араның жүзіндей арасы алшақтаған кез осы. «Жақсы ат жаман ердің біреуін қартайтады, жақсы жігіт 3 атты қартайтады» деген бар. Тіс арасының алшақтауы, азудағы асылдың азуы жылқы баласының кәртейгенінен дерек береді.

Ақпарат алынды және толығырақ

Ал Абылай ханның атында қанша тіс болғанын білмедім.

+2 дауыс
Абылайханның мыңнан аса аты болған, оның қайсiбiрiн айтасың...
Қайсысы екенін қайдан білейін?
0 дауыс
Тісінің саны 36 болган

Ұқсас сұрақтар

+2 дауыс
4 жауап
0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 3.03.2021 Жануарлар сұрақ қойды
...