+1 дауыс
1.7k көрілді

Ең ұзын жәндік, сол туралы мәлімет.

3 жауап

–1 дауыс

Ең үлкен кесіртке – варан, ұзындығы 3 метр Комодо (Индонезия) аралында кездеседі.

Ең кішкентай кесіртке – ергежейлі геккон 36 миллиметр (Батыс Үнді).

Ең үлкені жылан – анаконда (ұзындығы – 8 м). Құрлықтағы жыландардың ішіндеге 6 метрге жететін шұбар питон (Индонезия). 1912 жылы осыған ұқсайтын, ұзындығы 10 м. жететін питон ұсталынды.

Ең үлкен бақа (салмағы 3 кг. аса, ұзындығы 34 см) Африкада (Камерунда) мекендейді.

Ең үлкені жәндіктердің ішінде – голиаф қоңызы (Экваторлық Африка). Оның салмағы 100 г жетеді.

Ең үлкені көбелектердің ішіндегі – Королева Александра – 28 см жетеді (Жаңа Гвинея). Үш есе кіші – 8-10 см жететін рекордсмен Европалық махаон.

–2 дауыс

Анаконда Анакондалар (лат. Еұнецтес) — жалғанаяқтылар тұқымдасының бір туысы, қазіргі кездегі жыландардың ең ірісі. Денесінің ұзындығы 10 м-дей (1944 ж. Колумбияда ұсталған анаконданың ұзындығы 11,4 м-ден асқан). Анаконданың жон арқасында 2 қатар қоңыр түсті ірі дақтары, танау тесігінде терілі қатпары болады. Суда жақсы жүзеді, әрі сүңги алады. Анаконданың 4 түрі бар. Олар Оңтүстік Американың тропиктік зонасында тіршілік етеді. Омыртқалы жануарлармен қоректенеді. Кейде үй жануарларына, адамға шабуыл жасайды. Құрғақшылық кезде батпақ арасына тығылып, уақытша ұйқыға кетеді. Анаконда 28-42-дей тірілей ұрпақ береді, кейбір түрі жұмыртқа салып көбейеді. 5-6 жыл (кейде 28 жыл) өмір сүреді. Жергілікті үндіс тайпалары анаконданы “Амазонка рухы”, “Су анасы” деп атын атамай, өзіміздің “Арғы тегіміз” деп табынады және оның бағалы терісі, еті, майы үшін аулайды.[2]

+1 дауыс

Ең ұзын жәндік гельминттер болуы мүмкін. Оның ішінде немертиндер. 25-30 метрге жетеді. Адамның және жануарлардың ішегінде тіршілік ететін паразиттер.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
5 жауап
+1 дауыс
2 жауап
+1 дауыс
1 жауап
...