+5 дауыс
8.3k көрілді

Неге жастар кітапты оқымайды?

15 жауап

+3 дауыс

Себебі, мектепте кітап оқытып үйретпейді. Қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті пәндері сол үшін оқытылады. Бірақ, мұғалімдердің де, оқушылардың да онымен ісі жоқ. Олар тіпті орыс, әлем классиктерінің ең танымал шығармаларын да білмейді. Тек интернет қана қызықтырады.

сонда мектепте кітап оқытып үйретпей ма?
Мектепте кітап оқып үйретеді, оны оқымайтын оқушылар кінәлі.
Ай молодец, вирус2013 100% дұп дұрыс
+1 дауыс

21 ғасыр дамыған заман деп оқымайды.Қазіргі жастардың барлығының қолында телефон бар.Кітапты не істейді

Дайана, солғо
Кітап оқу логикалық ой жүйесін, адамның фантазиясы мен ой-өрісін дамытады. Кітаптың орны бөлек, Интернеттің орны бөлек.
+1 дауыс

Қазір бұрынғыдай емес. Ғаламтордың өзі кітап қазіргі жастарға. Мүмкін ғаламтор жойылып кетсе кітап оқушылар көп болатын шығар. 

жоқ менің ойымша Интернет жақсы зат. Неге адамдардың көпшілігі Ғаламтордың орнына Интернет дейді. Мысалы сенде Интернет деп айтасың!(((
"Интернет" деген бүкіл дүние жүзінде қолданылатын ресми термин. Ал "ғаламтор" деген сөз біздің "шаш ал десе, бас алатын" аудармашылардың шығарып жүрген былықпайы.
несі бар?  әдемі "ғаламтор" деген
"Ғаламтор" сөзін WWW (World Wide Web (всемирная паутина) сөз тіркесінің аудармасы деуге болады. Ал "Интернет" сөзі "халықаралық компьютерлік байланыс" деп аударылады.
0 дауыс

Кітап оқитындар баршылық, бірақ аз. Менде жастардың неге кітап оқымайтындарын түсінбеймін. Бірақ ешкім оқымайды деп көпшілікке құм шашуға болмайды. Оқитын жастар бар.

0 дауыс

Қазіргі жастарда интернет тұрғанда кітапты неістейді олар.

0 дауыс

Өйткені жастарды кітапқа қызықтырып жатқан ешкім жоқ.

0 дауыс

Олардың кітабы айпат немесе сенсырный телефон ғой.Оларға  кітап қызық емес мен аптпсына 3-4 рет оқимын және сабақ бойы...

+1 дауыс

озиниз китап коп окисыз ба сонда?? казирги жастар деген ол биз --осылай куни бойы кайдагы жок сайттын бетиндеги керексиз информацияны окып отырган. казирги заман дамыган. интернет бар деген пикирге келиспеймин. себеби алемдеги ен дамыган елдердин китап оку корсеткиштери алдынгы рейтингтен орын алады. 

0 дауыс
Қазіргі жастар кітап оқымайды дегенге келіспеймін оқиды бірақ аз бала ғана оқиды
0 дауыс

Жастар кітап оқымаса, қайдан талантты, дарынды, вундеркинд бала шығады? Библиотеканың іші толған жастар емес пе? Көпке топырақ шашуға болмайды, еліміздегі барлық жастар кітап оқиды және білім ошағы оқытады....

оқитыны 10-15 оқушы қалғандары не істейді?
Сыныптағы барлық бала саны 20. Елімізде небір дарынды балалар қайдан шығып жатыр? қазіргі таңдағы кітаптардың ішіндегі ақпараттарды библиотекадан алады, соны білсеңіз?
0 дауыс

Расында оқушылардың кітап оқуға уақыты да жоқ.Түске дейін мектепте сабақ оқиды, түстен кейін үйдің жұмысы, кешке сабаққа дайындалады, түнде интернетте отырады.Сондықтан кітап оқымайды.

0 дауыс

Қазір  заман  солай  ма,  әлде  адам  солай ма,  әйтеуір  кітаптын  орнына  интернетте  қолданады.  Өзім  кітап  оқығанды  өте  жақсы  көремін.  Кітап  ол  ерекше  гооо.

+2 дауыс

Шамамен, 8-сыныпқа дейін үнемі кітап оқуға қызығушылық болатын. Кейін 4-5 жылдай кітап оқымай кеткендегі сезім, қысқасы бірдеңе жетіспейтіндей әсер болатын сияқты.

Соңғы уақыттары кітап оқуға арнайы уақыт бөлу алаңдата бастады. Әрине, қағаз кітаптың өзіндік жақсы әсері бар. Дей тұрғанмен, тамаша электронды кітаптар да оқуға мүмкіндік туындады.

Мысалы,

- Қазақстанның ашық кітапханасы: http://ikitap.kz/

- Әдебиет порталы: http://adebiportal.kz/

 

P.S.: Кітап адам өміріне зор ықпал жасайтындығы, оқыған адамның өмірге деген көзқарасы мен дүниетанымы, басқа адамдарға деген жақсы қатынасына, өмірінің мәнді болуына әсер ететіндігін көптеген сыйлы азаматтар мойындайтыны ақиқат. Ендеше, кітапты өмірлік достар қатарына қосуды ұмытпайық дегеннен басқа айтар жоқ.

epub.kz деген сайт тағы бар екен)
+1 дауыс

Жастар керек нәрсені кітаптан іздеп жүргенше ғаламтордан ала салғанды жөн көреді.

0 дауыс
маган казак тилден "казирге кезде китап оку кажетпе" деген такырпта шыгарма жазып бериндерши

Ұқсас сұрақтар

...