Шамамен, 8-сыныпқа дейін үнемі кітап оқуға қызығушылық болатын. Кейін 4-5 жылдай кітап оқымай кеткендегі сезім, қысқасы бірдеңе жетіспейтіндей әсер болатын сияқты.
Соңғы уақыттары кітап оқуға арнайы уақыт бөлу алаңдата бастады. Әрине, қағаз кітаптың өзіндік жақсы әсері бар. Дей тұрғанмен, тамаша электронды кітаптар да оқуға мүмкіндік туындады.
Мысалы,
- Қазақстанның ашық кітапханасы: http://ikitap.kz/
- Әдебиет порталы: http://adebiportal.kz/
P.S.: Кітап адам өміріне зор ықпал жасайтындығы, оқыған адамның өмірге деген көзқарасы мен дүниетанымы, басқа адамдарға деген жақсы қатынасына, өмірінің мәнді болуына әсер ететіндігін көптеген сыйлы азаматтар мойындайтыны ақиқат. Ендеше, кітапты өмірлік достар қатарына қосуды ұмытпайық дегеннен басқа айтар жоқ.