+2 дауыс
515 көрілді

Жеке бетті өңдеген(редактировать страницу) кезде, төмендегі суреттегі сілтемелерді, яғни HTML файлдарды қалай ашылатындай етіп жасауға болады?

СЖ-ға кірмегелі де ұзақ  уақыт өтіпті.  Өзгерістер де көп сияқты. "Микроблог" деген бір бөлімі бар сияқты еді, оны таппадым. Бір сұрақты әрең қойдым-ау... Сөйтсем суреттің көлемі дұрыс болмай қалыпты.

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Егер сенде хостинг болса былай етуге болады. Серверге яғни хостингке FTP арқылы қосыласың. Сосын өзіңнің HTML файлдарды хостингке көшір. Арнайы бір папка ашып сонда тастауға болады. Мұнда мен СЖ-ның домені негізінде жазамын. Сен szh.kz орнына өзіңнің доменіңді жазасың. 

Мысалы хостингте htm деген папка ашып сонда компьютеріңдегі құжаттарды жүктеусің. Сонда https://surak.baribar.kz/htm/ деген папканың ішінде index1.html index2.html index3.html деген өзіңнің құжаттарың жатады. Сол кезде https://surak.baribar.kz/thm/index1.html деген файлды ашсаң өзіңнің html құжатың ашылады. Ал енді Вордпреске келейік. Мұнда сен өзіңнің Вордпрестің html едиторында

<li><a href="https://surak.baribar.kz/thm/index1.html">Көктем</a></li>

деп жазсаң болғаны. FTP пайдалану арқылы жүктеуге болады. Ал Вордпрестің негізінде html жүктейтін жоқ. Мүмкін плагинмен жасауға болатын шығар, бірақ негізінде жоқ.

Рахмет, админ!!! Бұл сұраққа ешкім жауап бермеген соң, қарамай кеткем.
...