+2 дауыс
8.5k көрілді
Осы бір тұмау жабысып қалды маған. Қар борап жатыр далада ,әжем айпақшы "осы қар тұмауды көтеріп кетеді". Ауру дегеннің түн болғанда күшейіп кететіні бар емес пе?! Түнде қызуым көтерілді қатты, екі көрпе жауып қойса да жаурап жаттым. Бірде інім де суықтап маған ұқсап ауырып қалып еді . Ыстығы көтеріліп жатып, жаурап жатырмын дегені есімде. Дене қызуымыз көтерілгенде неге жаурап кетеміз?

2 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Көркем қыз! Адамның дене қызуы көтерілгенде тері арқылы сыртқа жылу бөлу азаяды. Соның салдарынан бұлшық еттер еріксіз жиырылады (спазм мыщц). Қалтырау көбіне тоңғанда және жұқпалы ауру басталғанда болады. Ондайда аспирин таблеткасын және құлпынай не шие вареньесін қосып қызыл шай ішкен дұрыс. Бұл қанның сұйылуына және организмдегі қан айналуы мен зат алмасуының жақсаруына сеп болады.

+1 дауыс

Дененің температурасы үйдікіне қарағанда жоғары. Сондықтан қоршаған ортаның температурасы денеге салқын болып әсер етеді.

...