0 дауыс
1.4k көрілді

Жас әнші адам туралы толық мәлімет керек еді?

Адам дейді онсызда адам емес пе ? )

2 жауап

0 дауыс

мәлімет емес видео

0 дауыс

Юрмалада жас орындаушылар арасында өткен «Новая волна 2013» халықаралық байқауында Қазақстан намысын жас әнші ADAM қорғап, 347 ұпаймен үздік бестікке енді. Байқау төрешілерінің пікірі бойынша, биылғы «Новая волна» ең мықтыларды жинаған. Мұндай бәсеке байқау тарихындағы 12 жылда болмаған дейді. Сонымен қатар биылғы «Новая волна» қатысушыларына жаңа талаптар қойды. Байқаудың деңгейін көтеруге бағытталған шаралар нәтиже берді деуге болады. Байқаудың бірінші күні үлкен майдан алаңы болды десе, артық айтқандық емес. ADAM бар мүмкіндігін салса да, қарсыластарының тәжірибесі үстем болып, ADAM 113 ұпаймен бар болғаны тоғызыншы орынды қанағат тұтты. Екінші күні байқаудың жаңа шарты бойынша «Новая волнаның» бұрынғы қатысушыларымен дуэтте ән шырқау керек болатын. ADAM әнші, «Новая волна 2005» байқауының көрермен көзайымы Мақпал Исабековамен дуэт құрып, Брусенцовтің сөзі мен Николай Носковтың әніне жазылған «Спасибо» әнін орындады. Бұл ән әділқазылардың ADAM-ға деген көзқарасына оң әсер етіп, қоржынына 116 ұпай салып, сегізінші орынға жылжыды. Байқаудың үшінші күні басқа қатысушылар босаңси бастағанда, ADAM бар ерік-жігерін бойына жинап алды. Үшінші күн ADAM-ның өз әніне сай қайсар қазақтың ұрпағы екенін дәлелдеді. Байқауға арнайы жазылған «Гүлістан Қазақстаным» әні орындалды. Ән авторлары – ақын Балғынбек Имашев пен композитор Құрмаш Маханов. Бұл ән әділқазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланып, 118 ұпай әкелді. Тото Кутуньо, Валерий мен Константин Меладзе, Игорь Крутой, Валерия, Игорь Матвиенко, Лайма Вайкуле және Юрий Антонов сияқты төрешілер ең жоғары 11 ұпайдан қойып, «Гүлістан Қазақстаным» әнінің жоғары ұпайының арқасында ADAM сегізінші орыннан бірден бесінші сатыға көтерілді.

немесе мына жерден ал

Ұқсас сұрақтар

...