Бул омир! Иа омир адамзат ушин оте ыстык. Адамдар омирден канша киналса да одан баз кешип кетпейди. ал кейде омир бизге бакыт сыйласа уакыттын сол кезде токтап калганын армандаймыз, тилеймиз. Амал канша омир оз урдисин бир секундка да токтатпайды. Биз бул паниге омир суру ушин келдик. бул жалган омирдин кашан аякталарын ешким билмейди. Биреуге узак омир берилсе, озгеге бул омирдин жартысы да берилмейди. сондыктан адамдар жаксы омир суруге талпынады. Сол озимиз ушин ен багалы омиримизди, уақытымызды зая кетирмеу ушин сиздер кай жолды тандар единиздер, калай омир сургенди дурыс деп табасыздар?
Бұл - өмір! Өмір - адамзат үшін үлкен мүмкіндік! Әрбір қиын болып келетін сәттер - олар тек баспалдақтар. Әр баспалдақты бағындырған сайын, адам статусы жоғарылай түседі. Адамға екі өмірдің де жақсылығын жазсын. Сондықтан, иманды, кең пейілді, жақсыға жақ және оны басқаға сыйлай алатын, сыпайы, тәртіпті, өз әрекетін қадағалап, ол үшін жауап бере алатын, үнемі өзін жетілдірумен болатын адамдарға бұл өмір өзінің жақсы жағымен ашыла түсетін сияқты.
Біз әдетте кез-келген нәрсенің мәнін, мағынасын белгілі бір дәрежеде анықтап үйренгенбіз. Көп нәрсе көзге көрініп, сезіліп тұрғандықтан оның мәні де тезірек байқалады. Алайда адамның көзіне көрінбейтін, уақытпен бірге ағып бара жатқан өмір деген абстрактілі ұғымның мағынасын немен анықтап дәл айтуға болады.Сабақты жақсы оқуға қазіргі жастар ерінеді.
Өмір болған соң,жақсылап өмір сүру керек қой!
Алға бір мақсат қойып, соның жолында өмір сүру керек. Мақсаттар: мектепті жақсы бітіру, ЖОО-на түсіп оны үздік бітіру, отбасы құру, балаларды аяқтарына тұрғызу деген сияқты болады.
Тоқжан сіз сияқты бастайын-Бұл Өмір!Бұл өмірде қиындық пен қуаныш қатар жүреді.Ең бастысы ата-анамызды сыйлап өтеуіміз керек.Бұл өмірде осындай қасиет болғаны дұрыс-иманды,қайырымды,сыпайы,тәртіпті,өз ісіне адал,өз сөзіне жауап бере алатын,еш жерге килікпеу.
Өмір! Ия бұл сөзді əркім əркалай түсінеді. Бірақ басты сурақ : Біз не үшін өмір сүріп жүріп жүрміз? Аллах Тағаламыз бізді неге жаратты? Мен не ушін өмір сүріп жүрмін? Деген сұрақтарға жауап Аллах Тағаламыз бізді маған құлшылық етің деп жаратты. Сондықтанда достар 5 парызды орындап Аллаға құлшылық етейік!