+2 дауыс

Мен бір жаңалық аштым деп ойлаймын.Ондай техноогия дүние жүзінің ешбір елінде жоқ.Енді оны қалай жарияласам болады??

03.01.2014 769 қаралым

4 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап

Алдымен еңбектеріңізді толық заңдастырып алыңыз. Кейін еңбегіңізге анализ жасау қажет деп ойлаймын.

Дәстүрлі методтардағы әдістерді пунктпен тізіп өтіп, кейін Сіздің жобаңыз олардан несімен артық (қандай плюстері бар), энергия шығындауы, экологиялық тиімділігі, ресурс пайдалануы, уақыт үнемдеуі, жалпы жұмысқа кетірер күштің аздығы болса, оны да атап өту керек. Қысқасы, тура, дәл аргументтермен дәстүрлі методтың жанында Сіздікі тиімді екенін дәлелдеп шыға алу керек. Және бір дүние, бұл жерде толығырақ ашып қоймайсыз, негізгі құпияларды жасырын ұстайсыз, тек абстрактылы деңгейде адамды қызықтыру мақсатындағ ғана сипаттау қажет деп ойлаймын. Кейін, ол еңбекті бір жерге ғана емес, бірнеше жерге жіберу керек. Жіберетін жерлерді де сарапқа салып алу керек. Кейін собеседованиеге шақырып алып, құпияларды айтқызып қоймау жағын ойластырарсыз. Кез-келген әрекет үшін алдын ала өз мүддеңізді қорғайтын келісімшартты заңды түрде бекітіп алып барып бірге жұмыс істеу жағын ойластыру айтпаса да түсінікті болар. Сәттілік!

03.01.2014
Көп  көп рахмет
0 дауыс

Ол жаңалығың қандай? Не туралы?

03.01.2014
Егер айтсам бәрі пайдаланып кетеді.Физика туралы.Күн энергиясы туралы.
0 дауыс

Сен оны ғылым орталығын апар саған ғалымдар түсіндіріп береді ғой....

03.01.2014
+1 дауыс

Ғылыми орталыққа апарар алдында ол жаңалыққа патент алып ал, басқаларға көрсетсеңіз жаңалығыңызды пайдаланып кетуі мүмкін

03.01.2014

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,877Жауап
153,169Пікір
72,985Қолданушы