+1 дауыс
1.2k көрілді
Осыдан біраз жыл бұрын көрген бір фильмді таба алмай жүрмін. Киноны қалай табуға болады, егер оның атын ұмытып қалсаң??? Қысқаша мазмұнын жазсаң табуға көмектесетін сайттар бар ма?
Таба алмай жүрген киноларым көп негізі. Бір -екеуін жазып өтейін қысқаша.  Шет ел киносы әйтеуір. Біріншісі өте күлкілі фильм еді.  Есте қалған жерлері: Сары шашты бір қыз бір жігітті жақсы көріп қалады.  Жігіт өте қопал  , сырт көзге сезім атаулыдан хабары жоқ сияқты көрінеді.  Жігіттің күтуші апайы болады, мейірімді керемет адам. Жігітті  бойдақ болып қалып кете ме деп уайымдап жүргенде , әлгі қыздың үйіне қонақ болып келгеніне қатты қуанады.  Екеуін бір жерге ме, әлде өз үйлерінде ме  оңаша кешкі ас ішуге  қалдырады.  Жігіт дастархан басында күтіп отырады , бір кезде қыз кіріп келеді. Әдемі көйлек киіп.  Жігіт оған  таң қалып қарап  ,орнынан тұрып қасына барады , қызда оған бұрылып маған  ерекше нәрсе айтса керек деп жүрегі дүрс -дүрс соғып кетеді.  Сонда жігіт қыздың иығындағы  шыбын ба, көбелек пе бір нәрсені алып :- Өмірімде мұндай шыбынды бірінші рет көріп тұрмын дейді. Қыз ашуланып дастарханға отырады.  Жігіт өте еңбекқор болады, билеп жүріп отын жарып,  мал бағып,бір шаруашылықты басқарады ма бір нәрсе.Қызбен бірге бір мейрамханаға  барып қызды вальске шақырып  бірақ билемей, қыздың иығына басын қойып ұйықтап қалған сәттері есте қалыпты.  Екінші фильм корейский ме қытайдыкы ма нақты есімде болмай тұр.  Мазмұны  :  Екі жігіт бір қызды ұнатып қалады  . Үшеуі де әскери құпия қызметкерлер ме бірнәрсе. Басында тамаша дос болатын, ортасына келгенде  достықтары үзіліп кетеді.  Жігіттің екіншісі  әскери құпияны  бір қылмыстық топқа айтып береді.  Қыз екеуін де емес , бір монах жігітті ұнатады . Атыс шабыстар болады арасында. Екі жігіт те қаза тауып, қыздың  қабірлеріне гүл апарғаны есімде қалған.  Алдын ала рахмет деп қояйын.

6 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Кинофильмнің жанрын, қай жылы шыққанын және басты рольдегі актердің аты-жөнін білу керек.

+2 дауыс

http://www.kinopoisk.ru/

 

+2 дауыс

Ондай сайттар жоқ.Осы жерге қысқаша мазмұнын жазсайшы бәлкім тауып бере алатын шығармыз....

+1 дауыс

Өкінішке орай ондай сайт жоқ.Интернетке нақты атын жазып таба аласыз.

+1 дауыс

Мазмұның жазшы, біраз киноның қалпағын қайырып тастадық ғой)) жұрт болып, ел болып тауып көрейік)

0 дауыс
Салеметсізбе Мен де бір киноны іздеп жүрмін, кинонын аты жөні қай жылы шыққаны есімде жоқ еді. Есімде қалғаны қыз өзіннің өгей әкесінен екі қабат болып қалады и сол қыз зрениенің очкиін киіп ойнайды, өтініш осы фильмды тауып бересіздерме?
...