0 дауыс
1.5k көрілді

Адам газдан уланса не істеу керек?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

- зақымданушыға газқағарды тез кигізу;
- шлем масканың астынан амилнитриті бар жаншылған ампуланы енгізу (қөгілдір қышқыл антидоты);
- ауыр зақымданған кезде 2 – 3 минуттық үзіліспен амилнитриттің 2 – 3 ампуласын енгізу;
- тыныс алу күрт бұзылған немесе тоқтаған кезде жасанды демалдыру;
- зақымдалушының тыныс алу орнына түскен соң оны тез арада емдеу мекемесіне алып бару;

Теріні құрыстыратын УЗ – мен зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек:

- зақымданушыға газқағар кигізу;
- ИПП – 8 көмегімен ішінара санитарлық тазарту жүргізу;
- Егер улы заттың көзге түскендігі туралы күдік болса көзді сумен жақсылап шаю;
- УЗ асқазанға сумен немесе тамақпен түскен кезде асқазанды түтіксіз шаю;
- Егер дене қышып, қанталаса, онда ішінара тазалаудан кейін зақымданған жерге антисептикалық танғвш қою;
- Зақымданушыны емудеу мекемесіне алып бару;

Тұншықтырғыш УЗ – мен зақымданған кездегі алғашқы
медициналық көмек.

- зақымданушыға газқағар кигізу;
- зақымданушыны субъективтік жағдайға қарамастан зақымданған аймақтан шығару, ешкім шағымданбаса да жаяу көшіруге рұқсат етілмецді. Газқағарды ұзақ кию көңіл – күйді нашарлатады және өкпенің домбығуына әсер етеді.
- Жылдың суық уақытында зақымданушыны жылыту (көрпеге, пальтоға, плащқа орау, жылытқышты пайдалану).
- Тұншықтырғыш УЗ – мен зақымданған кезде жасанды тыныс алдыруға болмайды.

Алғашқы медициналық көмек:

- зақымданушыға газқағар кигізіп, зақымданған аймақтан әкету;
- көзді сумен мұқият шаю, көзді сүртуге болмайды, өйткені бұл жағдайда тітіркену күшейеді;
- 2 – 3 минуттың бойында түтіннен қорғайтын қоспамен демалдыру, егер тітіркену тоқтамаса тыныс алуды 5 – 10 минуттан соң қайталау.

Медициналық тірекке көздің, тыныс жолдары мен терінің құбылыстарымен зақымданғандар ғана жіберіледі.

BZ үлгісіндегі УЗ зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек:

- зақымданушыға газқағар кигізу;
- терінің ашық жерлеріне ішінара санитарлық тазалау жүргізу;
- УЗ асқазанға сумен немесе тамақпен түскен кезде асқазанды түтіксіз шаю;
- Зақымданушыны емдеу нүктесіне алып бару;

Аммиакпен уланғандағы алғашқы көмек;

Зақымдану ошағында өз — өзіне және өзара көмек тәртібімен жүргізіледі;
- көзді алюминий – калийдің 0,5 ерітіндісімен немесе бор қышқылының 2 ерітіндісімен жақсылап шаю;
- газқағар немесе 5 лимон қышқылы ерітіндісімен шайылған мақта – мата таңғышын кигізу;
- тамшы теріге тиген кезде оны сумен жақсылап шаю, ТЖ және АҚ органдары нұсқауы бойынша желге қарсы бағытта зақымдану ошағынан шығу;
- аммиак бумен зақымданушыны тыныштық күйде күту керек, көңіл – күйінің қандай екндігіне қарамастан жатқызып қойып алып кеткен жөн:

Азот қышқылымен және тотығымен зақымдану кезіндегі алғашқы медициналық қөмек:

- көз бен бетті жақсылап сумен шаю;
- газқағар немесе 2 тамақ содасы ерітіндісімен шайылан мақта – мата таңғышын кигізу;
- терінің ашық жерлерінен азот қышқылының тамшыларын сумен 10 – 15 минут бойы жақсылап шаю;
- зақымданушыны тыныштық күйде күту керек, көңіл – күйінің қандай екндігіне қарамастан жатқызып қойып алып кеткен жөн:
Бензинмен зақымданғандағы алғашқы медициналық қөмек:

- зақымданушыны таза ауаға шығарып жаға мен белбеуді босату;
- газқағар немесе 2 тамақ содасы ерітіндісімен шайылан мақта – мата таңғышын кигізу;
- теріде у тамшысы болса, оны сабын ерітіндісімен шаю;
- есінен танған жағдайда мүсәтір спиртін иіскету, тыныс алу тоқтаған кезде жасанды демалдыру;
- зақымданған аймақтан әкету;

Хлормен зақымданғандағы алғашқы медициналық қөмек:

- көзді сумен шаю;
- газқағар немесе 2 тамақ содасы ерітіндісімен шайылан мақта – мата таңғышын кигізу;
- теріде у тамшысы болса, оны сабын ерітіндісімен шаю;
- хлор буымен зақымданушыны зембілмен алып кетеді

Ақпаратқа сілтеме қалдырсаң жақсы болар еді.
+1 дауыс

Жедел жәрдем шақыру керек.

...