0 дауыс
3.1k көрілді

Сағыз селосы деген ауыл барма?Толық мәлімет керек!

Атырауда

1 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Сағыз селолық округі 1920 жылдары қоныстана бастаған мұнда негізінен артель, ТОЗ ұйымдасып, 5-6 үй ғана болған. Олар Ноғайты өзені бойына орналасқан. Себебі бұл аймақ мал өсіруге, егін егуге қолайлы болды. Кезінде Мақат селолық округінде болған. 1936 жылдан бастап Гурьев-Қандыағаш темір жолы салынып, Қарақияқты(қазіргі Сағыз) ауылына темір жолшылар қоныстана бастады. 1938 жылдан бастап құрылыс қарқынды дами бастады. Сол жылдан бастап Қарақияқты ауылына Сағыз темір жол бекеті деп аталды. Және сол жылы округ орталығы болды. Округтің жер көлемі 4600672 га. Округ есебінде 1 село, 4 елді мекен, 11 қыстақ, бар. Барлығы 2000дай отбасы өмір сүріп, 10000дай адам есепте тұр. Округте ірілі-ұсақты 40қа жуық мекеме шоғырланған. 161 орта және шағын бизнес иелері тіркелген. 1 серіктестікпен 13 шаруа қожалығы жұмыс жасайды. Округ көлемінде 2 орта, 1 саз, 1 бастауыш мектеп жұмыс жасайды.Және 1 кәсіптік-техникалық, 1 спорт мектебінің филиалы, 1 учаскелік аурухана, 2 балабақша, 1 мәдениет үйі, 3 кітапхана жұмыс істейді. Жер көлемі Қызылқоға ауданының 3/1 бөлігін құрайды. Шығысымен солтүстігінде Ақтөбе, оңтүстігі Мақат,Жылой ауданы, Батысында көршілес Мұқыр, Миялы округтерімен шектеседі.

Табиғаты: Жер беті тегіс, жазық. Топырағы құнарлы, құмдауытты. Биік таулар жоқ, дегенмен төбелер жиі кездеседі. Су қоры: Округтен Сағыз, Ноғайты, Топырақшашты(Шолақсай) өзендері бар. Олар ауыз суға пайдаланылмайды. Кейбір елді мекендерде: Былқылдақты, Қоңыраулы, Аққұдық, Кенбай, Қызылсай жер асты тұщы су көздері бар. Сағыз-Ноғайты су құбыры жүргізілген.

Пайдалы қазбалары: Селоның күн шығысында Түкті ата қорымы тұсында құрылысқа қажетті ПГС құмы өндіріледі. Ақшелек өңірінде бор кен орны бар. Ақжарда ақбалшықтың, Қызылсайда қызылбалшық қоры бар. Село аумағында кірпіш соғатын топырақтың басқа қажетке жарамды саздыңда қоры бар. Географиялық және геологиялық зерттеулер округ аймағында жерасты қыртыстарының бәрінде мұнай-газ белгілері бар екенін көрсетті.

Өсімдіктермен жануарлар дүниесі: Сағыз аумағында шөлейтті белдеудің өсімдіктері кең тараған. Адыраспан, итсигек, боз жусан, қоңырбас, шытыр, бетеге, ақселеу, түйе жапырақ, қаңбақ өсіп, жазғытұрым түрлі-түсті дала қызғалдақтарын, басқада гулдерді көптеп кездестіруге болады. Сондай-ақ изен, ебелек, ажырық, еркек, бидайық, теріскен, беде өседі. Ащыға төзімді көкпек, бұйырғын, ала бота, жыңғыл, түйеқарын, жантақ, кәріқыз, ошаған кең тараған. Бұрынырақта мия, сүттіген, қарақияқ шөптері өте сиреп өскен. Су жетімді болса бау-бақша егугеде болады. Мұнда: саршұнақ, қосаяқ, атжалмандар, егеуқұйрық, дала тышқандарымен дала қояндар кездеседі. Ең қауіпті жыртқыш - қасқырлар, сонымен бірге күзен, түлкі, қарсақ, борсық бар. Ақбөкендермен киіктің үйірін көруге болады. Құстардан - қарлығаш, бозторғайлармен қараторғай, қара қарға, көкек, қарақұс, үкі, дала бүркіті, жарқанаттар кездессе, кесіртке, жыландар жиі кездеседі. Ежелгі қазақ дәстүрімен төрт түлік мал өсірген: түйе, жылқы, сиыр, қой-ешкі.

Ауа райы: Бұл өңірдің климаты аса ыстық, қара суық, аңызақ, аязды желімен, шаңды дауылымен, жауын-шашынның аздығымен ерекшеленеді. Жауын-шашын мөлшері 200-250мм-дей.Қыстың суық айы - қаңтар -20` -30`; ыстық айы - шілде +30` +40`.

...