+1 дауыс
26.4k көрілді

Көп адамдар осы Алланың 99 есімінің біреуін балаларына қойып жатады, ол дұрыс па? Мысалы мен Алланың 99 аты бар кітапты оқығам,  онда әр атына тоқталған және егер бұл атты бірнеше рет айтсаңыз сіз қайғы-қасіреттен аман боласыз деген сияқты айтылған, ал егер біз мысалы баламызға сол есімдерді қойсақ, баламыздың атын күнде айтамыз ғой. Бұл бізді қасіреттен сақтайды ма? Бір жағынан бұл пайдалану сияқты емес пе?

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Аллахтың есімдері жайлы мында және мұнда анық жазылыпты. 

Сізге жауабым: барлық қазақтар (мұсылмандар)  Жаратушымыздың көркем есімдерін біле бермейді. Яғни білместікпен қояды. Егер білсе Құдайдан қорқып оның есімін баласына қоймас еді деген ойдамын.  

Толық білмейді екенмін, кешіріңіз. Қаттани мешітіне сұрақ қойып көрерсіз, сайтта діни мәселе көтерілмегені жақсы ғой. 

Бірақ оқырмандарға керегі болар деген оймен:

1. Ar-Rahman Қайырымды
2. Ar-Rahim Рақымды
3. Al-Malik Патша
4. Al-Quddus Қасиетті
5. As-Sallam Бейбітшіл
6. Al-Muʼmin Сенімді
7. Al-Muhaymin Қорғаушы
8. Al-Aziz Құдіретті
9. Al-Jabbar Аса Қуатты
10. Al-Mutakabbir Мәртебелі
11. Al-Bari Жоқтан Бар Етуші
12. Al-Haliq Жаратушы
13. Al-Musauuir Құрастырушы
14. Al-Gafir Кешірімді
15. Al-Qahhar Жазалаушы
16. Al-Uahaab Бәрін Сыйлаушы
17. Ar-Razzaq Ризықтандырушы
18. Al-Fattah Нығмет Ашушы
19. Al-Alim Аса білгір
20. Al-Kabiz Жан алушы
21. Al-Basit Ашушы, кеңейтуші
22. Al-Hafiz Төмендетуші
23. Ar-Rafi Жоғарлатушы
24. Al-Muiz Абыройлы
25. As-Sami Естуші
26. Al-Basir Көруші
27. Al-Hakeem Асқан даналық иесі
28. Al-'Adl Әділ
29. Al-Latif Аса нәзік
30. Al-Habir Әр нәрседен хабардар
31. Al-Halim Мүләйім, жұмсақ
32. Al-Azim Ұлық
33. Al-Gafur Кешірімді
34. Ash-Shukur Алғыстаушы
35. Al-Ali Ұлылығының шегі жоқ
36. Al-Kabir Аса алып
37. Al-Haafiz Қорғаушы
38. Al-Mukit Тұңғиық терең
39. Al-Hasib Есептеуші
40. Al-Jalil Ұлы
41. Al-Karim Аса жомарт
42. Ar-Raqiib Бақылаушы
43. Al-Mudjib Тілекті қабыл етуші
44. Al-Uasi Кеңейтуші
45. Al-Hakim Үкім етуші
46. Al-Ualid Мүминді сүюші
47. Al-Majid Аса мархабатты
48. Al-Bais Өлімнен соң тірілтуші
49. Ash-Shahid Куә болушы
50. Al-Haq Хақ
51. Al-Uakiil Кепілдік беруші
52. Al-Kaui Қуатты
53. Al-Matin Нық
54. Al-Uali Мүминдердің сүйеніші
55. Al-Hamid Мадақтаулы
56. Al-Muhsi Әр нәрсенің ара жігін білуші
57. Al-Myubdin Басталушы
58. Al-Muad Қайта жаратушы
59. Al-Muhayya Тіршілік беруші
60. Al-Mumit Өлтіруші
61. Al-Hayyu Мәңгі тірі
62. Al-Qayyum Қалғымайды, мүлгімейді
63. Al-Uadjid Қалағанын таба алушы
64. Al-Masjid Қастерлі
65. Al-Uahid Теңі жоқ, жалғыз
66. Al-Ahad Тек, жалғыз
67. As-Samad Мұңсыз, мұқтажсыз
68. Al-Qadir Құдірет иесі
69. Al-Muktadir Аса қабілетті
70. Al-Mukaddim Жеткізе алушы
71. Al-Muahhir Ақыры жоқ
72. Al-Auual Әуелден бар болған
73. Al-Axir Соңсыз
74. Az-Zahir Нақты көрінуші
75. Al-Batin Жасырушы
76. Al-Uali Басқарушы
77. Al-Mutaaly Заты ұлы болған
78. Al-Barr Құлдарға қажеттілігін берген
79. At-Tauuab Тәубені қабыл етуші
80. Al-Muntaqim Күнәнің қарымтасын беруші
81. Al-Afuuu Ғафу етуші
82. Ar-Rauf Аса мейрімді
83. Malik Ul-Mulk Бар мүліктің иегері
84. Zul-Jalal uaIikram Аса құрмет иесі
85. Al-Muksit Асқан шебер
86. Al-Djaami Қиямет күніне жинаушы
87. Al-Gʻani Аса дәулетті
88. Al-Mugʻni Байытушы
89. Al-Mani Тілектің кері қайтарушы
90. Az-Zur Залал бере алады
91. An-Nafi Пайда беруші
92. An-Nur Түгесілмейтін нұр
93. Al-Hadi Тура жолдың нұсқаушы
94. Al-Badi Ғажайып
95. Al-Baqi Мәңгі
96. Al-Uaris Мирастаушы
97. Ar-Rashid Аса кемеңгер
98. Al-Muzillu Тәубеге келтіруші
99. As-Sabur Аса сабырлы

+2 дауыс

Мектепте дінтану сабағында Алланың есімдерін қайта қайта атап оқуға және адам баласына қоюға болмайды деп айтқан. Білместікпен қоятындар да болады ғой бірақ...

+2 дауыс

Анығын Аллаһ біледі, бірақ оқығаным да былай дейді:

Аллаһтың аттарын екіге бөлуге болады:

1. Аллаһтан басқа ешкімді атауға болмайтын есімдер: Аллаһ, ар-Рабб, ар-Рахман,  аль-Ахад, ас-Самад, аль-Мутакаббир және т.б. Бұл есімдермен адамдарды атауға ғалымдар бірауыздан тиым салған.

2. Аллаһтан басқа адамдарды да атауға болатын есімдер. Мысалы, Самиъ,Басыр, Али, Хаким, Рашид деп атауға болады. 

рахмет сизге))
+1 дауыс
Аллаһтың есімдерінің алдына Ғабди (құл) сөзін қосу арқылы балаларға ат қоюға болады. Мысалы: Әбдірахман (Қайырымды Алланың құлы). Әбдірахим (Рақымды Алланың құлы)...
...