+1 дауыс
1.3k көрілді

жылқының қандай қасиеттерін білесің

Іздеу батырмасына жазшы жылқының қасиеттері деп.

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Жылқы - мал патшасы" деген нақыл сөз жылқының иесіне адалдығын, тектілігін, халықтың жылқығы деген алабөтен құрметін аңғартса керек. Жылқы малының кейбір қасиеттері адам баласын еріксіз таңғалдырады. Есту қабілеті - мысықтан артық, иісті сезу қабілеті - иттен артық, көру қасиеті - айсыз қараңғыда тұяғын ілмейді, ауа райының өзгеруін бірнеше күн алдын-ала білуі - ғажап нәрсе. Өз иесін - аяқ алысынан алыстан таниды.
Жылқының жершілдігіне қайран қалмасқа шараң жоқ, мұны ешнәрсемен теңгере алмайсың. Арыға бармай-ақ, өткен ғасырдың алпысыншы жылдарындағы бәріміз білетін, аса жүйрік Елікжиреннің аянышты тағдырын жершілдік демей, не деуге болады? Екі дүркін Семейдің ет комбинатынан елге қашуы - тектілік емей немене?
Жылқыда тіл жоқ. Бірақ, бәрін түсінеді, түйсінеді. Жылқы еркіндікті сүйеді, бостандықты қалайды.

Жылқы түлігі көбінде екі-екіден достасып ала қояды. Әрі «достарын» әсте ұмытпайды. Сан жылдан кейін кездессе де, оқыранып, қасыныса кетеді.

 

Ең маңыздысы хас тұлпар иесін далада қалдырмайды. Керек болса қожайыны үшін өлуге әзір.

 

0 дауыс

Жылқы иесінің үйін ешқашан ұмытпайды. Қазақта  " Aдассаң жылқыңа сен " деген сөз бар.

0 дауыс

Жылқы тіпті қырғын көкпардың кезінде де жатқан адамды баспайды.

0 дауыс

Бөтен мал ішіп кеткен судан ішпейді деп естігенмін.

0 дауыс

Жалқы өте сезгіш мысалы жанына байқатпай келу өте ұиын және адамның сенімді серігінің бірі.

...