0 дауыс
4.3k көрілді

уы ең мықты жәндік қалай аталады

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Нақты мынау деп айта алмаймыз. Барлығы да бірінен бірі асады...
Бұлар көбінесе мұхиттарда болады. Адамға ең қауіпті улы жәндіктердің бірі — «теңіз сонасы». Бұл Үнді мұхитында қалқып жүретін шағын медуза. Оны жұрт «Австралия жаға-жайларының сұмдығы» деп атайды. Оның қармауыш қанаты жанай тигеннің өзінде адам санаулы-ақ секундтардың ішінде өліп кетеді. «Теңіз сонасының» қанға енген уы жүректі тоқтатып тастайды. «Теңіз сонасы» ішек-құрсақты жануарлардың қатарына қосылады. Сонымен бірге бұл санатта медуза, маржан, гидралар бар.

Сырт қарағанда моп-момақан бұл жәндіктердің қаруы — табиғаттың нағыз инженерлік ғаламаттарының бірі. Олардың қармауыштарында ерекше клеткалары болады, бұл клеткалар тітіркену әрекетіне құрттай «найзаларын» лақтырып жауап береді. Қармауыш тармағына тиіп кетсең-ақ болғаны, оттай күйдіріп жібереді. Одан адам денесінде қып-қызыл тыртық қалады. Қанша удың дарығанына байланысты «теңіз сонасы» шаққан жәндіктердің бойынан әр түрлі белгілер байқалады. Ал адамның басы ауырып, лоқсиды, тыныс мүшелері жансызданып, жүрегі тоқтайды.

Толығырақ

–1 дауыс

Менің ойымша кене. енді кенеден де улы жәндіктер бар ғой.

0 дауыс

Улы жәндіктер көп, мысалы : улы бақа, ара, тіпті масалардың өзінен көптеген адамдар зардап шегуде.Бірақ ең улы деген жәндіктердің өзі белгіленген аймақты ғана мекен етеді, ал кене әлемді жаулап алды десе де болады , сондықтан ең қауіпті улы жәндік менің ойымша КЕНЕ.

0 дауыс

Жәндік жағын білмедім. Бауырымен жоғалаушылар арасында "көзілдірікті кобраның" уы аса мықты. 

Ұқсас сұрақтар

...