+1 дауыс
3.2k көрілді

Кей алма қосылған шырындарда жасыл алманың орнында көк алма деп тұрады. Неге?

7 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Мына саған жауап бере алмай жатқан қолданушылардың (пользователей) білімсіздігі мен дөрекіліктеріне қарап ішім ашып кетті. Мен қысқа уақыт ішінде тапқан біліміммен жауап берейін: сен сұрап жатқан шырынның (сок) қатты қағазының (картон) бетінде жазылған "көк алма" деген сөз біртүрлі көрінеді. Бұл ежелдең келе жатқан халықтың діні мен мәдениеті, дәстүрлерінен сақталып қалған әдет, әрине түске ондай сай емес ат беру бұрыс көрінеді БІРАҚ, ежелде қазақтар, ақ, көк, көкшіл(голубой), жасыл түстерді "көк" деп атағанды жөн көрген. Өйткені аспан көк, Құдай аспанда, ал табиғат жасаған шөп, жасыл алма, жапырақ, олар көк деп аталған. Адам жасаған жасыл заттар көк емес "жасыл" деп айтылады. Ақ бұзауды көк деп санайды, табиғат өзі жасаған болғасын. Ал таза ақ түс табиғатта сирек (редко) кездеседі деп ақ түсті ақ түс деп атаған, мысалы: ақ аққу, ақ боз (белоснежный) ат, ақ сүт деп. Ал сүтті нық (твёрдо) ақ деп айтқан, өйткені сүт аналықтың белгісі. Құдай жаратқан, адам қолымен жасалмаған жасыл жайлау (поле, поляна) көк болып саналады, ал сүт ақ, ақ түс аналықтың белгісі, адамдарды ақ түспен сипаттайды: ақкөңіл, ақ-мінез, ақ ниет, т.б. Адам өлгенде киіз үйдің есігіне ақ байрақ(қысқасы (короче) мата) байлап, ал хан сайлағанда ақ матадаң жол кілем төсеп(әділ ж/е жақсы билесін (басқарсын)) жетектеген(сопровождали). Аударма(перевод): Көк түрке (түрік) қағанаты (союз(жолдасдық))-союз небесных тюрков (Құдай өзі жаратқан түріктер деген мағынада); көк жайлау(кең (широкая)дала)-луг зелёный. Осылайша қазақтардың кейбір сөздеріне өзге ұлттармен шалақазақтар түсінбей қарайды ! Дін мен мәдениетті сақтағыңыз келсеңіз, осы тіл ерекшелігін ұстанғаныңыз жөн.
+1 дауыс

Олар жасыл мен көкті ажырата алмайды да.

+1 дауыс

Бұны түсіндіру қиын. Олар түстерді ажырата алады. Бірақ қалып бойынша жасыл алманы көк деп сөйлейді. Мысалы бізде оны көк деп білеміз.

+1 дауыс

Көк алма деп енді пісейін деп тұрған алманы айтады.

+1 дауыс

Қызылорда облысында да жасыл түсті көк, қоңыр түсті сұры деп айта береді.

Мен осы облыста тұрамын, бірақ көк алма деп айтқан адамды кездестірмедім.
Енді қалай деп айтады? Жасыл алма дей ма? ))
Иә, менің сұрап тұрғаным, соктың картонындағы(бутылка) жазу ғой)
0 дауыс
Көк алма деп тұрғаны жасыл алма сондықтан халықаралық тілде көк алма деп атайды.Негізі алманың түстері қызыл,көк(жасыл алма),сары болып 3 түрге бөлінеді.Сондықтан жасыл алма көк болып есептеледі.
0 дауыс
Сен үшін Қызыл алма деп сок шығарайық па?Баяғыдан бері жасылды көк дейді ғой,көктемде жасыл шөптер шыға бастаса,ой көк шығыпты ғой дейді...
Мен үшін деген жоқпын!
...