+1 дауыс
7.1k көрілді

Рассрочка дегенді қалай түсінеміз?

6 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Оның кредиттен айырмашылығы алған затыңның ақшасын пайызсыз бөліп төлейсің.

+1 дауыс

Алған тауарыңның ақшасын бөліп-бөліп төлеу

Біреу былай түсініп жүр, Рассрочка дегеніміз  1,000,000 алсан 1,000,000 қайтарасын деп. Осы түсінік қатема
жоқ, қанша пайызды қосатыны келісімге (договорға) байланысты ғой
0 дауыс

"Рассрочка" -  деген құйтырқы қарыз, қораға кіріп кеткеніңді сезбей қаласыңдағы соны бөліп төлеп жүресің. Ал сомасы келіскеніңе байланысты, бірақ көп жерде нақты төлеп сатып алу бағасынан, бөліп төлейтін баға анағұрлым жоғары болады.

0 дауыс

Рассрочка деген тауарға ақшаны бөліп төлеу.

0 дауыс

"Купить товар в рассрочку" деген сөздің мағынасы "тауарды ақшасын кейіннен бөліп төлеуге алу".

0 дауыс
Уағалейкүм ассалам,

1. Дүкендерде ұсынылатын нөлдік төлеммен сатып алу (өсімақысыз несие) мынадай үлгіде ұйымдастырылады:
Дүкен банкпен мынадай келісімге отырады: банк дүкен клиенттеріне алдын ала келісілген, төмендетілген, нарықтағы бағадан өзгеше бағамен несие береді. Яғни, дүкен банкке жеңілдік жасайды. Мысалы, клиент дүкеннен 100 теңгеге тауар алады дейік. Банк бұны 6 айға несиелендіреді. 100 теңгенің 90 теңгесі дүкенге, ал 10 теңгесі - банкке беріледі. Егер банк тауарды сатып алып, клиентке қайта сатқан болса, онда 10 теңге кәдуілгі бағаны өсіру болар еді. Ал мәміленің өзі - сатып алу-сату мәмілесіне жатар еді. Бірақ, банк тауардың иесі болмағандықтан және 100 теңге сомасына клиентті несиелендіретіндіктен, 10 теңге банк өсімақысы болып табылады. Бұл Шариғатта рұқсат берілмейтін риба болып табылады. Сол себептен, бұндай үлгімен «өсімақысыз» несие алуға болмайды.
Сондай-ақ, тауарды дүкеннің өзі сататын болса, белгілі бір бекіткен мерзім бойынша бөліп-бөліп төлеуге рұқсат етіледі. Алайда қарызды кешіктірген үшін салынатын айыппұл дүкеннің (немесе тауардың иесі болған банктің ) пайдасына емес, тауар сатушысына қатысы жоқ, үшінші тарапқа берілу керек. Мысалы, балалар үйінің пайдасына беруге болады. Егер тауар иесі айыппұлды өз пайдасына алатын болса, онда айыппұл өсімақы болады. Онда бұл жерде рұқсат берілмейді.
http://minbar.kz/faq/show/id/117.html

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 10.11.2020 Кредит, Несие сұрақ қойды
0 дауыс
1 жауап
...