+5 дауыс
7.7k көрілді
Әр үйге кіргізіп берген су бар ғой, кранда ағып тұратын. Сол суымыз сыртта орналасқан . Күн суықта қатып ақпай қалатын, сосын сатып алып, кейде ауылдан әкеліп ішетін едік. Қатып қалмай үнемі ағып тұру үшін , кішкене тамшылатып ағызып қою керек деп еді бір көршіміз. Солай етіп қойып жүрміз, қатты аяз болса да су ағып тұр. Бірақ кеше мен су алып, ұмытып қатты бұрап кетіппін. Су ақпай қалды, сатып ішуден де, тасып ішуден де шаршадық. Не істеуге болады? Суды қайта ағызу үшін қандай әдістер қолдансақ екен? Кран жарты метр , су есептегіші астында, сол жерлерді жылы етіп орап тастағанбыз, арғарай шлангымен орталыққа қарай кеткен. Ал шлангы жердің астында жарты метрдей қазып кіргізгенбіз былтыр. Қай жерден мұз болып қалғанын анықтауға бола ма? Білетін әдістеріңізді айтыңызшы
Көмектеріңізге рахмет. Алғысымды сөзбен жеткізе алмаймын.

9 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Биыл қыс әзірге жылы мінез танытып тұрғой,сонда да қатып жатыр ма? Жер астындағы құбыр қатып қалу мүмкін емес,сіздің су есептегіш орналасқан коркобка-шұңқыр қыста мықты жабылу керек еді(шұңқырдың ішін киіз,стекловата.немесе ескі-құсқы жаман киілмейтін қалың киімдермен жауып тастау керек),сізде сол шұңырдың ішінен қатқан болу керек.Оны еріту үшін,сыртқа ұзартқышпен(удленитель) кәдімгі тамақ пісіретін электрлі плитканы қосып,шұңқырдың ішіне қойып,шұңқырдың қақпағын жауып қойыңыз,сәлден соң қатып қалған жері ериді

+3 дауыс

Ыстық су құй.

                                                  .

Рахмет. Ыстық су құйдым қайнап тұрған, аққан жоқ одан бетер қатып қалды ма бірнәрсе болды
Болмаса Паялампамен қыздыр.
+3 дауыс

Бізде де бұрын солай қатып қалатын. Ол үшін құдықтаң ауызын қалың киізбен жауып тастау керек. Және қатып қалған жағдайда құманмен ыстық су апарып ағатын жеріне құю керек. 

Ақжол рахмет. Ия киізбен орап тастағанбыз  ғой, ыстық су пайдасы болмай тұр
+3 дауыс

Былай анықтау қиын болады. Лаж болса жерді қайтадан қазып шланканың бойынан қатып қалған жерін анықтап, үстінен от жағу керек. 7 см-дей шланканың үстінде құм жатса жеткілікті. 

Тағы бір айта кетерлігі кранның бұрандасын да күдіктенуге болады. Ол үшін кранның басын ашып қарау керек.

Ия рахмет. Жер қазуға болар еді, қазір қатты емес пе бірақ?!
Егерде су ақпай жатса жаңағы менің әдісімді қолдануларыңыз керек. Қар түспей тұрғанда сүйменнен жерді ұрғылап топырақты босатып алыңыздар. Топырақтың беті қатты болғаныменен асты жұмсақ болады.
+3 дауыс

Көркем қыз! Ауызсу шлангасы жер астында кемінде 1,2 метр тереңдікте жату керек. Жарты метрде жатса, онда аязда міндетті түрде қатып қалады. Көктемді күту керек енді.

+3 дауыс

Егер де су келетін труба металдан жасалған болса, онда сварка арқылы қыздырып суды ерітуге болады. Ол үшін массаны трубаға жалғап электродты үйкелеп отырып трубаны қыздыру қажет.

+3 дауыс

Оны үйге орналастырып алу керек еді ғой. Ыстық су көмектесе қоймайтын шығар. Меніңше үздіксіз от жағу керек сол жерге. Көршіміз солай істедім деген.

+2 дауыс

Су жолын қайта қазып, тереңдетіп, басқа шланг салу керек. Реті келсе шлангыны минватамен утепление жасаған дұрыс болады.

0 дауыс
шаш кептіргіш пен жібітуге болады бірақ оны тек ашық жерлерде ғана іске асыруға болады
...