+2 дауыс
9.0k көрілді

"Түнде тырнағыңды алма", "Үйге жүгіріп келме, жаман болады" деген ырымдарға сенесіз бе? Және оның мағынасы?

Сұрақтың жабылу себебі: Нақты жауабы таңдалды.
Қазақтың барлық ырымы, сенімі, нанымы мен тыйымының мағынасы бар және пайдалы. "Халық айтса қалып айтпайды" емес пе?

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Оның бәрінен қатты қорқудың қажеті жоқ. "Түнде тырнақты алуға болмайды" дегені, бұрын қазақтар кішігірім үйде тұрған. Киіз үйде мысалы. Бір бөлмеде, жататын жерлері мен ыдыс-аяғы жақын орналасқан. Қазіргідей жарық шамы деген жоқ. Ал, қараңғыда тырнақ алынса оның ыдысқа түсіп, адамға зиян келтіру қаупі бар. Бұл тиымның қазіргі кездегі жарығы бар, бірнеше бөлмелі үйде ешқандай қажеттіліг жоқ.

"Үйге қарай жүгірме дегені" бұрын жау шапқанда хабарлаушы адам үнемі үйге қарай шауып келетін болған, сондықтан үйге қарай жүгіргенде елдің үрейін ұшырмау үшін солай тиым салған.

 

Өте жақсы жауап.
0 дауыс

Мен сенемін.Әжем үнемі айтып отырады.Мағынасын сұрасам жаман болады - дей береді.

Хехехехехехехе!!!
+1 дауыс

Кез келген қазақ ырым-тиымдарының түпкілікті мәні бар. Мысалы, "үйге қарай жүгірме" деген тиымның мағынасы, "бірнәрсе болып қалды ма екен" деп үлкендер шошымасын дегені. Тырнақты күндіз, барлығы жақсы көрініп тұрған кезде ыңғайлы. Босағаға сыпырғышты тігінен қою, бұл үйге түсуге болмайды, бұл үйде адам қайтыс болған деген белгі. Осындай мағынасы бар тиымдар көп.

+1 дауыс

менде ылгида олай етпейин десемде тырнакты тунде алу адет.кундиз алам алам деп умытып кетем .уйге жугирип келемде бир еки шаг калганда асыкпай киремин)тизенди кушактама колынды белине таянба жаман болады дегендерге сене бермеймин.ал тырнак шаш дегендерди арбир жерге шашпау керек себеби о дуниеге барганда алланын алдында жауап бересин деп естигем соган сенем

+1 дауыс

Сенсем де,сенбесем де сол ырым-тыйымдарды орындаймын)

...