Оның бәрінен қатты қорқудың қажеті жоқ. "Түнде тырнақты алуға болмайды" дегені, бұрын қазақтар кішігірім үйде тұрған. Киіз үйде мысалы. Бір бөлмеде, жататын жерлері мен ыдыс-аяғы жақын орналасқан. Қазіргідей жарық шамы деген жоқ. Ал, қараңғыда тырнақ алынса оның ыдысқа түсіп, адамға зиян келтіру қаупі бар. Бұл тиымның қазіргі кездегі жарығы бар, бірнеше бөлмелі үйде ешқандай қажеттіліг жоқ.
"Үйге қарай жүгірме дегені" бұрын жау шапқанда хабарлаушы адам үнемі үйге қарай шауып келетін болған, сондықтан үйге қарай жүгіргенде елдің үрейін ұшырмау үшін солай тиым салған.