+1 дауыс
5.7k көрілді

Жаңа жылға салатың рецептісі керекеді сілтемелерін көрсетіп жіберіңіздерші

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Жаңа жылдық мәзір: қарбыз тілігі атты салат

Жаңа жыл жақындап қалды, ерекше салат әзірлеп көрем деушілерге мына бір салатты ұсынғым келеді.

Келесілер қажет:

 - 300 гр қақталған тауық еті

- 300 гр пармезан ірімшігі (немесе кез келген басқа ірімшік)

- 2 дана киви

- суға піскен 4 жұмыртқаның ағы

- қара зәйтүн 150 гр

- қабығы аршылған қияр (ұзын болса, 1дана)

- жасыл болгар бұрышы 1 дана

- анар 1 дана

- қаймақ (немесе майонез)

 

Барлығын бір пішінді етіп турап (майдалау қылып), қаймақ (майонез), тұз, қара бұрышты аздап салып, араластырамыз. Сосын тарелкаға жарты ай тәрізді етіп салып, сыртын безендіруді бастаймыз: қырына жасыл болгар бұрыштың үккіштен өткізілген езіндісін жағамыз, ақ жиегін жұмыртқа ағынан жасаймыз. қызыл анар, ал қарасын зәйтүнді кішкентай бөлшектерге бөліп саламыз)))

Ас дәмді болсын!!

 

Жаңа жылдық дастарханға арналған салат

Құрамы:

Картоп – 5 дана
Жұмыртқа – 6 дана
Сәбіз – 2 дана
Алма – 1 дана
Пияз – 1 дана
Тұздалған қияр – 2 дана
Маринатталған қызыл бұрыш – 1 дана
Жасыл бұршақ – дәміне қарай
Тұз , майонез дәміне қарай

Салаттың дайындалуы:
Сәбіз бен картопты сыртын тазалап, қайнатып аламыз. Дайын болған картоп пен сәбізді тарелкаға саламыз. Тұздалған қиярды алып, кубиктеп тураймыз. Картоп пен сәбізді де кубиктеп тураймыз да барлығын тарелкаға салып, үстінен бұршақты саламыз. Алманы тазалап үкіштен өткізіп салатқа қосамыз. Салатқа тұз бен майонез қосамыз да салатты жақсылап формасын келтіріп түзетеміз.
Жұмыртқаны қайнатып , піскен соң суытып қабығын аршып екі бөлікке бөліп сарысын бөлек алып ағын тарелкаға айналдыра қойып шығамыз. Салаттың ортасына жұмыртқаның сарысын үкіштен өткізіп себеміз. Қызыл бұрышпен сағат тілін және сағат сандарын рим цифралымен жасап қоямыз. Міне жаңа жылдық салатымыз дайын.

Көп-көп рахмет!
+1 дауыс

www.epovar.kz сайтында  көп рецептілер бар.

...