+1 дауыс
1.5k көрілді
Катакомба деген не? Үңгірдің бір түрі болу керек? Толық түсіндіре кетсеңіздер?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Катакомба мәдениеті (латынша Catacomba – жер астындағы қабір) – Еуразия құрлығының орталығындағы қола дәуірінің ғұрыптық құрылыстарының археологиядағы атауы (біздің заманымыздан бұрын 2-мыңжылдықтың 1-ші жартысы мен 3-ші ширегі).

Қара теңіз бен Кавказдың солт-ндегі далалық өлкелерде тараған. Ескерткіштер батыста Днепр, шығыста Орта Еділ өзенінің, солт-те Курск мен Елец қалалары мен оңтүстікте Қырым өлкесі аралығын қамтиды. Алғаш рет В.А. Городцов 20 ғ-дың басында Солтүстік Донец өзеніалқабында ашты. Кейін Б.А. Латынин, А.П. Круглов, Попова, С.Н. Братченко және тағы басқа жаңа деректер негізінде біршама толықтырулар енгізіп, жалпы сипаттамаларын жасады. Деректердің басым көпшілігі әр аймаққа кеңінен тараған зираттардан алынды. Мәдениеттің атының өзі жерлеу ескерткіштерінің ерекшеліктеріне байланысты қалыптасқан. Катакомба жер асты қабірі ұғымын береді. Мұндағы кішігірім шұңқыр қабірлердің бүйірінде ақым тәріздес бөлек жерлеу бөлмесі, яғни катакомба жасалып, мүрделер соның ішіне қойылған. Негізінен, онда мүрдені бүрістіріп жерлеу тәсілі тән.

...