0 дауыс
235 көрілді
Құдай басқа салмасын қазір көзі көрмейтін зағиптар жоқ емес. Менің айтпағым сәл ой бөліссек. Қазіргі дүкендерде аудиокітаптар мүлдем аз тіпті жоқ деседе болады.Интернетте бар, бірақ орыс тілінде.Қазақша кітаптарды оқып,аудио кітаптарға айналдырып зағиптарға тыңдатсақ сауап іс болар еді.Осы істе қандай кедергілер кездесуі мүмкін?? ой бөлісейк.....

1 жауап

+1 дауыс
Аудиокітап жасау үшін, сол кітапты жазған автордан не басып шығарған баспадан келісім алуың керек. Юристік құжаттар жөнінен кедергілер болады, авторлық құқықты пайдалану деген бар, сондықтан, келісімсіз шығаруға болмайды. Егер, келісім алып жатсаң - аудиокітап қылып жазып, интернетте болсын, дүкендерден болсын жазып тарата беруіңе болады. Бірақ, аудиокітабың сапалы болу үшін, дыбыс жазу студиясында не басқа жазатын жерлерден жаздырып, өз құқығыңды көрсетіп, меншік иесі болып, таратуыңа болады. Сол жағдайда заңды болады.
...