Иә, бір жерден естілген еді. Адам бір өтірікті жабу үшін, он өтірік айтуы мүмкін деп.
Бұдан, өтіріктің жаман әдет екенін байқауға болады. Үнемі тыйым сөздер, жазалар мен жаман көзқарастар бар. Бұл таяқтың бір ұшы ғана. Бірақ, оның себебін көбі анықтай бермейтін сияқты. Негізінде, бүгінде өтіріктің түрі көп.
Активті өтірік - оқиғаны ойдан шығару.
Пассивті өтірік - шын оқиғаны жасыру.
Біліп өтірік айту - ақиқатты саналы түрде жоққа шығару немесе оны жасыру.
Білмей өтірік айту - оқиғаны сараламай, мысалы эмоцияға беріліп айту.
Паталогиялық өтірік - бұл енді диагноз. Өтірікке еті үйренгендіктен, әдет болып кеткен. Өтірік айтып, одан рахат алады. Өтірік айту үшін, әдейілеп өтірік айтады.
"Ақпараттық басқару теориясы" (McCornack, Burgoon) бойынша, Кооперативті принцип пункті негізінде өтіріктің мынадай типтері анықталған:
- Ақпарат сапасымен басқару (Саналы түрде өтірікті немесе фальсификацияны ақиқат ретінде жеткізіп, манипуляуия (басқару) жасау);
- Ақпарат көлемімен басқару (Өтірікті немесе фальсификацияны белгілі бір жеткілікті көлемдегі ақпарат көзімен қанағаттандыру);
- Ақпаратты астарлы мағынамен жеткізу;
- Қисынсыз ақпарат (Бұл принциптің бұзылуы "диверсиялық жауап" ретінде белгілі. (Turner, 1975), бұл жағдайда сұхбаттасушы өзіне төнген өауіптен сақтану мақсатында, әңгімені басқа жақа бұрады).
(Ред. ескертпесі: менің жеке байқауымша, көптеген секталық топтар, идеологиялық ілімдер, түрлі теріс бағыттағы ұйымдардың және т.б. халыққа таныстыратын материалдарында, өз мүдделерін тықпалау үшін, шамамен 90% ақиқат жазып, 10% өздерінің идеологиялық ақпаратын қосып отырады. Адамдардың проблемасын жақсы зерттеп, оны өзіне ұсынады. Адамда соның салдарынан оған деген оң көзқарас пайда бола бастайды. Өздеріңіз білесіздер, егер адамда алғашқы әсер жақсы болса, кейін сол дүниеден өте аз күдіктену ықтималдығы бар. Әрине, манипуляция әрқашан да керек. Бірақ, оның барша адамдзат қалаған жақсылыққа, бейбітшілік пен сыйластыққа, мейірімділікке т.с.с. бағытталуы өте маңызды.)
1) Мистификация
Мистификация - адамның айтуымен ғана бекітілген шындық. Қандай да бір дәлелдеме, факті жоқ. Бұндай бекітілген шындықтар логикалық тұрғыдан адамға шын көрінеді (тіпті оны сөзсіз ақиқат деп те жатады); бірақ, ол қандай да бір фактпен расталмаған, дәлелі жоқ; немесе қазіргі көзқараспен қарағанда, шындыққа жанаспайды. Мысал ретінде, жергілікті бір тұрғын сырттан келген біреуге киелі адамның бейітіне қалай баруды шамамен көрсетеді. Бірақ, нақты қайсы жер екенін өзі білмейді. Халық арасындағы сөз негізінде сенеді. Қандай-да бір ғылыми, тарихи жазба дерек, сараптамалық дәлелі жоқ.
2) Фальсификация (жасанды)
1) Түпнұсқа ретінде жасанды өнім ұсыну (мысалы, өнер туындысы, өнім, тауар);
2) Жасанды құжат немесе жарамсыз құжатты пайдалануға тырысу;
3) Жасанды қаражат (реал немесе виртуал ақшаға қатысты);
3) Симуляция (сылтаурату)
Симуляция - адамның физикалық немесе психологиялық жағдайындағы өтірік қандай-да бір күйге енуі. Мысалы, өтірік күлу, өтірік жылау, өтірік эмоция жасау, өтірік қандай-да бір дене мүшесі, ағзасын ауырып тұр немесе ауырмай тұр деп көрсету.
аталы сөзде ұят жоқ. Тышқан көтенін көріп жаралы болыпты деп жатады.
4) Теріс мақсатпен жалған образға ену
Өзінің табиғи қалпы, болмысы, мінезі мен табиғи күйінен ауытқып, күштеп басқа образға енуге тырысу. Егер бұндай әрекеттің мақсаты теріс бағытта болса, ақиқатты жақтаушы көпшіліктің наразылығына ұшырау, түбінде жамандыққа ұрыну ықтималдықтары бар. Бұған тарихтан да көптеген мысалдар алуға болады. Алайда, бұндай образдағы адамдарды, өз пікірі жоқ, психологиялық әлсіз, тұлғалық көзқарасын қалыптастыра алмаған, өзіне сенімсіз, үнемі қоғамдағы жағдайларда құрбан болып қала беретін немесе тәрбиесі мен көзқарасы өзгеше адамдармен шатастырмау керек.
Қазақта аңқау елге - арамза молда деп қысқа қайырады.
5) Плагиат
Плагиат - біреудің еңбегін өзінікі етіп көрсету.
6) Адастырып түсіндіру
Қандай да бір нәрсені, адамды, оқиғаны т.с.с. ерекше әсерлеп мақтау немесе даттау.
7) Балалар өтірігі
Әдетте, көптеген психологтар балалар өтірігі феноменін былай сипаттайды: 5 жасқа дейін балалар шын мен өтірікті аса ажырата бермейді. Бойында ешқандай психологиялық комплекс, шектелулер бола бермейді. Сондықтан, олар қысылмай ойын ашық айта беруі, өтірік сөйлеп қоюы - қалыпты даму жағдайынан бір көрініс.
8) Жасырын емес өтірік
Қысқасы, еш қысылмастан ұсыныла салатын өтіріктер. Қарапайым мысал, статистика. Орташа есеппен деп жалақыны есептейді. Нәтижесінде, ақшаны күреп табатын аз ғана топтың салдарынан, орташа есеппен жалақы жоғары сомамен шығады.
Марк Твен айтады: өмірде үш өтірік бар: Жай өтірік, көзіңді бақырайтып қойып айтатын өтірік және статистика!
9) Жартылай жасыру
Жартылай жасыру - барлық ақиқатты айтып, ең негізгі ақиқатты жасырып қалады. Нәтижесінде, адамдар қате тұжырым жасау ықтималдығы бар. Немесе, қандай да бір қателікті басқалар байқап, ескерту жасалуынан қашып, оқиғаны толық айтпау. Мысалы, көлік сатушы жыл сайын тех. байқаудын өтіп тұратынын айтып, соңғы өткенде анықталған ақау туралы айтпай қалуы мүмкін. Кей жердегі мәдениеттердің бір белгісі ретінде, бұлар өтірікке саналмайды. Алайда, заңнамалық тұрғыдан бұл жауапқа тартылатын қадам.
Айтпасаң, сөздің атасы өледі.
10) Балаларға арналған ертегі
Кей жағдайда, ересектерге арналған тақырыпты балаларға түсіндіру мақсатында, түрлі ойдан шығарылған себептер айтылып жатады. Мысалы, "атаң жөтелгенде, аузынан шыға келіпсің" деген сияқты.
11) Миф және стереотиптер
Мифтер балаларға арналған ертегіге ұқсас. Тек, "ересектерге" арналған болып жатады. Көбіне олар нақты дәлелдемелік фактсыз, саналы түрде сараласа, дәлелдеу ғылыми тұрғыдан қиын немесе болмайтын әңгімелер. Мифке классикалық мысал - әруақ, албасты, жын, қарғыс т.с.с.
Стереотиптер - аздап ақылға сиятын, бірақ кейде шындап ақылға салып, зерттесе, бағындыруға болатын жалғандықпен жанасып кететін нәсілдік, жершілдік кемсіту, соның арқасында өздерін жоғары санау сезіміне ие болуға тырысуа, асыра сілтеу, негізсіз мақтау көзқарастары, өз ұлтын, тілін кем санайтындар көзқарасы мысалдарын алуға болады.
12) Ақ өтірік ("жылы айтылатын" дәмді өтіріктер)
Ақ өтіріктер - жеңіл айтылатын, ол өтірік ашылғанның өзінде, ол үшін ыңғайсыздану аса қатты болмайтын өтірік түрі. Бұл көбіне жеңіл комплимент, адамды ренжітпеу үшін, көңілін жеңіл көтере салу үшін айтылып жатады. Бұл өтірік орын алғаны үшін, көптеген мәдениет түрлерінде жазаға тартылмайды және бұны жасауға көп үгіт те жасалмайды.
13) Жағымпаздық
Ақ өтірікпен аздаған ұқсастығы бар. Бірақ, аздап асыра сілтеуі байқалады. "Себепсіз мақтау - мазақтаумен тең" дейді ағылшындарда. Яғни, өзінің қандай да бір оң немесе теріс пиғылы салдарынан біреу туралы мақтау айтып отырып, оның бойында жоқ қасиетті тағып қою (тіпті кейде адам өзі туралы естіп, ыңғайсызданып та калады, егер әділетті қарай білсе), қиыснсыз мақтау немесе даттау фактілерін мысалға алуға болады.
Бұл жерде, Абай атамыздың:
"Сенбе ешкімге тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап!
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Ақылың мен еңбегің екі жақтап" - деген тамаша төрт шумақ сөзімен өсиет қалдыра білген.
14) Жақсы ниетпен жалған айту
Адамға психологиялық қолдау жасау, алаңдаушылық көңіл күйін жақсы қалыпқа салу мақсатында айтылатын сөздерді мысалға алуға болады. Мысалы, қазақта жақсы сөз - жарым ырыс деген мәтел кездеседі. Әрине, бағыты мотивациялық мағынаға сәйкесеті.
15) Сақтану мақсатындағы өтірік
- Жауапкершіліктен қашу үшін жалған сөйлеу;
- Соңы жақсылыққа әкелмейтін оқиғадан қашу үшін жалған сөйлеу;
- Топпен жасалған теріс әрекеттер арасынан, аз әрекет ету үшін айтылатын өтірік (яғни, түбі жақсылыққа апармайтынын түсіну);
Демек, бұл өтірік айтудың жақсы да жаман да жағы бар.
16) Жалған куәгерлік ету
- Сендер Гиппократқа ант бердәідер емес пе?! - Иә, бірақ қол қойған жоқпыз! (КВН, Қазақтар, Түрсынбек (с))
Қандай да бір іске жалған куәгерлік ету жағдайы орын алып жатады.
17) Ант бұзу
Бүгінгі күндері, көбіне компания қызметкерлерінің коммерциялық құпияға байланысты құпияларды жарияламауына қатысты антты бұзуын мысалға алуға болады.
- Сендер Гиппократқа ант бердіңдер емес пе?! - Иә, бірақ қол қойған жоқпыз! (КВН, Қазақтар, Тұрсынбек (с))
18) Ғайбат
Дінде де жақсы хадистер кездеседі. Яғни біреу туралы теріс бағытта жалған ақпарат беру.
19) Өзін басты рөл ету
Яғни, мүмкіндігіне, жағдайына қарамастан, өзін оқиғаның басты кейіпкері етуге тырысу. Ол көбіне тәрбиеден де болып жатады. Яғни, санада барлық жауапкершілік өзіне ғана міндет сияқты көрінеді. Басқа адамдар да тең деңгейде немесе белгілі бір өзінің отбасылық рөліне сәйкес жауапкершілігі барын сезінбей, барлығын өзі алып жүргісі келеді. Бір жағымсыз оқиға болса, өзін кінәлі сезінеді, кейде бір жақсы істі тек өзім ғана істедім деп ойлап та жатады.
20) Қоқан-лоққы
Жоқты талап ету. Мысалға мафия ойынын келтіруге болады. Бұл әрине, ойын. Кей жағдайда шын өмірде кездесіп жатады.
21) Адасуға итермелеу
Өзінің жеке көзқарасы шеңберінде ғана ойлап, оны басқаға таңуға талпыну. Мысалы, жетістікке жетпеген адам, өзінен төменді жетістікке жетуге күштеп итермелеуі мүмкін. Жақсы сияқты көрінуі мүмкін. Алайда, итермелеуші тарап жетістікке қалау жету керектігін, қандай ерекшеліктер мен қиыншылықтар бар екенін түсіне бермейді, тек тура нәтижені талап етеді. Соңында, нәтиже болмағаны былай тұрсын, психологиялық, физикалық ауыр соққы алу ықтималдығы бар.
22) Факттерді мысалға алу
Әрине, факттерді мысалға алу әрқашан дұрыс шешім деуге келмейді. Бұл жерде маңыздысы, сол факттерді қандай мақсатта қолданып тұрғаны. Яғни, адамды өз мүддесіне пайдалану мақсатында немесе дұрыс жолдан тайдыру мақсатында, оның қолынан келмейтінін түсіндіруге тырысу, түрлі мысалдармен дәлел келтіру.
23) Асыра сілтеу
Айтылған сөздің мақсаты дұрыс, бірақ келтірілген сипаттама сөздері асыра сілтеніп тұру мысалын келтіруге болады.
24) Әзіл өтірік
Яғни, ешқандай ойсыз және тура мағынасында қабылдаса, ол әрине өтірік. Бірақ, саналы түрде түсінген адамға, ол өзінше бір терең мағынаға ие болуы мүмкін. Кейде фольклорлық өнер түріне де жататын көрінеді. Халық ауыз әдебиетінде "қызырық өтірік" мысалын алуға болады.
Дереккөз: http://www.mental-engineering.com/2013/06/blog-post_1266.html