+1 дауыс
4.8k көрілді

Иллюзия деген не,және оларды қалай істейді суретке?

Мына сияқтыларды қалай істейді?

Зияны қаншалықты?

Мынау қалай айналып бара жатыр,қай бетке яғни бірқалыпты емес?

Ал мынада + белгісіне қарап тұрыңыз да, сосын күлгін ("фиолетовыйлар") түстілер жоқ болып жасыл шығады да, ештеңе қалмайды.

Бірінші сурет жақсы екен.
Сұрақ былай емес пе:
Иллюзия деген не? Және оны қалай істейді деген. Сізден иллюзия суреттерді сұраған жоқ!

2 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Алдамшы көріністер, иллюзия (лат. іllusіo — алдаймын, мазақтаймын, келекелеймін) — 

  1. түрлі себептерге байланысты өмір шындығының теріс, жаңсақ қабылдануы. Алдамшы көріністер көбінесе танымға жат, түсініп болмайтын бейнелер түрінде көрінеді.
  2. Жалған, орындалмайтын үміт, арман. Алдамшы көріністер дені сау адамдарға да елестеуі мүмкін. Дегенмен бұл көбінепсихика жүйесінде соқпалы не созылмалы дерті бар кісілерге тән нәрсе. Алдамшы көріністер, әсіресе шаршау, әлсіреу, қорқыныш, үрей секілді психикалық әсер салдарынан немесе айналадағыларға сенімсіздікпен қараудан көңіл күйінің бұзылуы кезінде жиірек бой көрсетеді. Мыс., орманда келе жатқан секемшіл жолаушыға бәзбір бұта тығылып тұрған жол торушы секілді болып көрінуі мүмкін; жұқпалы аурумен ауырып, қызуы көтеріліп жатқан адамға қабырғадағы дақтар ағаштардың, түрлі аңдардың суреті секілді болып елестейді; басы ауырып, мәңгіріп отырған маскүнемге көшедегі топ кісінің әңгімесі оның өз атына айтылып жатқан балағат сөздер секілді болып естіледі. Алдамшы көріністердің көзге елестеп, құлаққа естілумен бірге денені тітіркендіріп, дәм, иіс сезімі қызметіне әсер ететіні де болады. Алдамшы көріністер жалған елестен (галлюцинациядан) өзіндік шынайы қабылдау объектісі арқылы ерекшеленеді. Психопатология(психикалық ауытқу) құбылысы ретіндегі Алдамшы көріністермен қатар, жұрттың бәрі де бақылай алатын “физикалық Алдамшы көріністер” де болады. Бұл негізінен оптикалық құбылыстарға, яғни көрініс иллюзиясына байланысты. Иллюзия жалған қабылдаулар жайлы жекелеген мысалдарды антикалық дәуір авторларынан (Аристотель, Лукреций т.б.) да кездестіруге болады. Қайта өрлеу дәуірінде де, жаңа кезеңде де “Иллюзия” оптикамен шұғылдану және салыстырмалы қашықтық теорияларын жасау арқылы дәріптелді. Көрініс иллюзиясына байланысты мынадай Алдамшы көріністер кездеседі:
  3. Оптикалық-геометриядағы Алдамшы көріністер (екі өлшемді контурлық кескін фрагменттері арасындағы метрлік ара-қатынастардың бұрмалануы);
  4. Жарық контрасттары (қарама-қарсылық) феномені (сұр, жолақ, қара фонға қарағанда ашық фонда күңгірт сияқты көрінеді).

Ақпарат мына сілтемеден алынды: http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%BB%D0%B4%D0%B0%D0%BC%D1%88%D1%8B_%D0%BA%D3%A9%D1%80%D1%96%D0%BD%D1%96%D1%81%D1%82%D0%B5%D1%80 

+2 дауыс

Бірінші суретте колеса 6 секунд сағат тілімен, содан соң 4 секунд сағат тіліне қарсы айналып тұрғо ) 

...