1)Маргарет Митчелл- Унесенные ветром кітабы қатты әсер қалдырды, кітапта өмірге деген құштарлығы мол Скарлетт деген қыз туралы айтылады. Мықты адам басқару үшін, әлсіз адам бағыну үшін туылған (Сильные люди призваны командывать, а слабые-подчиняться) деген өмірлік ұстаным ұстанатын бұл қыз, өмірдің құндылығы затта емес екенін, сүйген адамын жоғалтқаннан кейін түсінеді. Қысқасы бұл кітап өмірдің мәні махаббатта екенін айтады.
2) Жорж Санд-Консуэло деген кітапта бір әнші кедей қыз туралы айтады. Ол қыз - нағыз адал, еш арамдығы жоқ. Өмірде байлық, атаққа қызықпай, қарапайым әншінің өмірін сүргісі келеді. Көптеген өмірдің қиындықтарын көріп, өзінің адал, шыншылдығының арқасында барлық қиындықтарды жеңіп шығады. Өмірде тек сабырлық пен шыншылдықтың арқасында өрге жүзетініңді айтады бұл кітап.
3) Шарлотта Бронте-Джен Эйр ол да жастайыннан жетім қалған Джен деген қыз нағашы апасының қаталдығын, оның өзіне деген қатігездігін көреді. Бірақ өзіне деген бұндай қатынасқа қарамастан ол үмітін жоғалтпайды. Өзінің сабырлық, ақылдылығының арқасында өз өмірлік бақытын табады.
рs: Бұл кітаптардағы оқиға әртүрлі болғанымен, менің түсінгенімше айтар ой бір. Не ексең соны орасың деген сияқты, тек адал, шыншыл, сабырлық, адамгершілік құндылықтарың арқылы ғана өмір қиыншылықтарын жеңе алатыныңды, ал жаман жолға салынсаң ұзаққа бармайтыныңды айтады. Өмір құндылығын заттан емес, жүректен ізде...