Әрине, қазіргі пікір пысықтықтың жолын көрсетпесі анық. Бірақ, істің нәтижелі болуына себеп болады деген ойдамын:
- Әрқашан бірнеше қадам алға ойлап отыру керек. Мысалы, концертке бару керек. Кешке басталады. Билет қолда. Бара салумен шаруа бітпейді. Концертке кешікпес үшін, шамамен ерте уақыт белгілеп, оған резерв бірнеше он минут және қосылады. Киім дайын болуы керек. Концерт көріп шыққанда, кеш болуы мүмкін. Таксиге қаражат дайын болуы керек. Үйге келгенде жылдам дайындалатын ас, ертең азанда шаруа болса, кешке қалдырмай, концертке баруға шыққанға дейін тындырып тастап, концерттен келген соң жеңіл астанып, аз іспен шұғылданған соң дем алуға дайын болу. Бұл қарапайым ғана мысал. Бірнеше қадам алға ойлап, тиімді қадам жасауды шахматшылар жақсы білуі керек.
- Уақытты тиімді жоспарлау білу. Адам өзін қадағалау. Ісін, тәртібін, әрекетін. Сол кезде, ісі нәтижелі, ешкімге тәуелді болмай ойнап-күліп еркін жүруіне мүмкіндік болатын сияқты.