0 дауыс
2.5k көрілді

Теле арналардағы қазақ тілін үйрету туралы бағдарламардың қайсысынан расымен қазақ тілін үйренуге болады? Шет елден келген досыма қандай бағдарламаны ұсынуға болады? 

5 жауап

0 дауыс

Қазақстан телеарнасынан болатын Біз Қазақша сөйлейміз, сосын 7ардан болатын бағдарлама (атын ұмытып тұрғаным) арқылы үйренуге болады.

0 дауыс

Қазақ тілін үйрену үшін әуелі орыс тілін үйрену керек. Орыс тілін білсе, досыңды қазақтардың арасына жібер 3-4 айға. Теледидардан қазақ тілін үйренуге болады деп ойламаймын. 

0 дауыс

Әрине болады.Ағылшын тілінен сразу қазақша сайрап кетпейсіз.Ол үшін қазақстан ұлттық телеарнасында жақсы қазақша үйрентетін бағдарламаларды қарау және ынтасы болу керек.

0 дауыс

Мен Евразия арнасындағы "Қазақстанның болашағы- қазақ тілінде" бағдарламаны қадағалап жүрмін, кәдімгідей мектептегідей ежіктеп үйретеді екен иа, тіпті үй тапсырмасын беріп, тексеріп. Бағдарлап қарасам, қазақ тілін үйреніп жатқандар да қазақтар емес, тіпті қазақ тілінің жазылуы, емлесі бәрін үйретіп жатыр екен. Ұнады, сіздер қалай ойлайсыздар? 

0 дауыс

Мен досыңызға Евразия арнасындағы 4 - қарашадан басталған «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде!» атты бағдарламаны қарауға кеңес берер ем.

Бағдарлама қазақ тілін үйретуге бағытталған. Ерекшелігі: қазақ тілін үйренуге деген құштарлығы бар әр ұлттың өкілінен әр түрлі жастағы әр түрлі маман таңдалынып алынып, қазақ тілін үйретуде жаңа әдіспен тіл үйретуді бастайды. Басқа бағдарламалардағыдай әр сөздің қазақшасы қалай екенін мың қайталап, оны қалай есте сақтау жолдары көрсетілмейді. Бағдарлама да қазақ тілі мамандары мен бірге тіл үйренушілер мен журналистер де қатысады. Оларға жаңа методика мен тіл үйретіп қана қоймай арнайы тақырыпта  пікірталас ұйымдастырылып, арнайы қазақ тілінде сұрақ-жауап бөлімі мен бірге арнайы үй тапсырмасы беріліп тексерілетін болады. Ең қызығы: оқу уақыты аяқталғаннан кейін олар арнайы тест тапсырады, яғни тікелей сауда орталықтарына, банк, ауруханаларға барып арнайы қазақ тілінде қызмет сұрап, қызмет көрсету кезінде қазақ тілінде сөйлеседі екен. Халықпен қазақ тілінде сөйлесу деңгейі тексеріліп, бағдарлама жеңімпазы анықталады...

Бұрын бізде Қазақстанда мұндай бағдарламалар болғанымен, артыннан тіл үйренген деңгейі тексерілмейтін. Ал мына бағдарламада кім қалай үйренді соны бірден көруге болады екен. Сондықтан да, досыңызға осы бағдарламаны қарауға кеңес берер ем! 

...