+5 дауыс
21.8k көрілді
Осы алтын , күміс сынамалары жайлы сұрақты қоямын деймін де ұмытып кетемін ылғи. Әжемнің берген жүзігін көріп есіме сарт етіп түсе қалғаны. -Таза алтын 583, атаң әкеліп берген, енді сен тағып жүр деп еді маған беріп тұрып. Былтыр туылған күнімде жеңгем сепочка әкеліп ,- Таза алтын бұл,585 деп еді. Таза алтынның пробасына 585 деп жазыла ма,583деп пе? Ал күміс ше 925 пе, әлде таза күміске басқаша цифр жазыла ма? Басқа елдерде алтын, күміс сынамалары қалай белгіленеді? Сосын осы 585,583,925..т.б басқа цифрлау деген қайдан шыққан? Неге басқаша белгілемейді?

6 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Алтын сынамасы деген не?

Алтын сынамасы не үшін маңызды? Не себепті алтыннан жасалған зергерлік бұйымдарға басқа да металлдар қосады? Егер Менделеев кестесіндегі 79 элемент қолымызға таза күйінде жетсе, біз бұған таң қалатын едік.

Себебі, алтын қолымызға таза күйінде түссе, жұмсақ әрі тым тығыз күйінде, түсі де қанық емес болар еді. Сондықтан, өте таза күйінде зергерлік бұйым жасау ақылға сыймайды. Сондықтан, оны басқа металлдармен азап араластырып, түсін жалтыратып, қатты бұйымға айналдырған.

Бұйымның құрамындағы бағалы металлдың үлесін анықтау үшін, сынама өлшем бірлігін ойлап тапқан.

Алтын сынамасы (ағылш. probe, assay) - беріктігін арттыру үшін алтынға қосқан лигатураның анықтамасы, сонымен қатар бұйым құрамындағы бағалы металл үлесін анықтайтын өлшем бірлігі.

Лигатура - беріктігін арттыру үшін алтынға және күміске қосқан мыс немесе қалайы қоспасы.
Заң тек қана бұйым сынамасын емес, оны өндірушілерді де қатты қадағалауға алады. Сондықтан, алданып қалмас үшін, бағалы бұйым алар кезде сынамадан бөлек, оның құжаттамалары, лицензиясы мен стандартық сәйкес құжатын тадап етуге тура келеді. Бүгінде алтынның сынамасын анықтайтын 4 кең таралған әдісі бар, олардың ішінде кең таралғаны караттық және метрикалық болып табылады.

Караттық сынау жүйесі

Карат = 0,2 грамм . Бұйымның граммдық салмағы / 0,2 = Бұйымдағы карат үлесі.

Метрикалық сынау жүйесі

Мысалы, 1 000 гр бұйым 750 сынамадан тұрса, демек 250 гр басқа металлдан немесе лигатурадан тұрады деген сөз. Бүгінде кең таралған сынамалар: 375, 500, 585, 750, 900, 916, 958

Бұрын 14 К-қа тең 583 сынамалы бұйымдар шығарылатын. Қазір өндірістен алып тастады. Себебі, бастыс елдерінің 583 сынамалы бұйымдары сапалырақ келетін, сондықтан өндірісте 585 сынамалы бұйыммен ауыстырып, сапа жағынан теңестіруді қабылдады.

Дереккөз: http://kupluzoloto.ru/proby-zolota-999-750-585-583-375-350

Неліктен бағалы металлдарға адамдар әуес?

Ғылыми факттермен кәсіби түрде айналысқан емеспін. Кейбір деректерді көпшілік сияқты жеке қызығушылық арқылы ғана тамашалаймын.
Адам өмірінде бақыт сөзіне заттық сипаттама көп болғанымен, олардың барлығы позитивті эмоциялық жағдайға әсер ететін фактор болып жататыны бар ғой. Адами тұрғыны қойып, заттық көрсеткіштерге бір қараса, көбіне бағалы тастар туралы айтылып жатады. Бұлар туралы алғашқыда мифологиялық, дәстүрлік деңгейде қасиетті деген көзқарас қалыптасса, кейінгі астрология, химия, физика ғылымдарының зерттеу нәтижелері де бұл пікірді қолдай түсті. Ежелгі бай-бақуатты, шенділер мен хандар бүгінгідей осы тастарды бағалайды. Басқа ұлттарды білмедім, бірақ қазақ халқының есім қою дәстүрінде түрлі бағалы тастар атауы жиі кездеседі. Химиялық құрамы - түрлі минералдық элементтерге бай болса, физикалық тұрғыдан - қатты, тығыздығына сай салмақты, мөлдір немесе түрлі түсті, әдемілігі көз арқылы жүрекке барып шаншылатын ғажайып күшке ие тастарға қатысты, химия саласының атақты ғалымы Ф.К. Величконың айтуынша, жиілігі адам тұлғасының жиілігімен сәйкессе, ол тас адаммен тығыз жадтық байланыс орнататын көрінеді. Энергия алмасу нәтижесінде, адамда жоғары деңгейлі элиталық ортаға тартылу, адам сенгісіз рисктер жасау, күшке ие болып, ісі алға басу, армандаған ойын жүзеге асыру, роскошь, комфорт, қарым-қатынастағы жақсы нәтиже мен сенімділік сияқты қасиеттерге жақындау ықтималдығы бар.

Жадты біз - есте сақтау қасиеті ретінде білеміз. Техникада, кремний элементі есте сақтау жады құрылғылары үшін кеңінен қолданады. Сонымен қатар, мысалға әрине адам миы да қосылады. Жад суға да тән қасиет екені бәрімізге белгілі. Бұл ғылыми тұрғыдан, қанағаттанарлық зерттеулерге әлі қол жеткізбеген көрінеді. Есесіне, мына практика көпшілікке таныс:

Екі стақанға су құйып, екеуіне бірдей өсімдік отырғызады. Екеуіне екі түрлі қарайды: біріншісіне жылы сөз айтып, жақсы көңіл күймен, екіншісіне балағат сөз айтып, жаман эмоциямен қатынасады. Нәтижесінде, бірінші стақандағы өсімдік құлпырып әдемі өседі, екіншісі солып нашар болып қалады. Негізінде, бұл судың қасиеті. Себебі, судың құрамы химиялықтан бөлек энергиялық (жад) қасиетке ие. Адам санасынан шыққан энергияны су өзіне жұтады. 

Адам денесінің 70-80 %-ы судан тұрады, ал кішкентай балада ол 90 %-ға дейін жетеді екен. Сонда, адамға басқа адамдардың бір-біріне жылы қабақ танытып араласқаны дұрыс екені дәлелденіп тұр.

Адамның өз ойы, өз өмірін қалыптастырады.

Тастардан бөлек, металлургияда да бағалы металлдар бар екенін білесіз. Алтын қазумен айналысатын таныс шахтердің айтуынша, алтын тек ниеті түзу, жүрегі таза адамдарға жолығатын қасиетті, бағалы металл.

+3 дауыс

Көркем қыз! Таза алтынның сынамасы 99,9999 болады. Таза алтын жұмсақ болғандықтан, оған мыс, күміс, никель, ваннадий сияқты металлдар қосып, қатты қорытпалар алады. Сол қорытпалардан ювелирлік әшекей заттар жасалады. 582 сынаманың құрамында 58,2 пайыз таза алтын бар, қалғаны қоспалар.

0 дауыс
Жалпы алтын өте жұмсақ метал болғандықтан беріктігін артттыру үшін оған қоспа қосады. Қоспаның мөлшеріне байланысты бұйымдағы алтынның мөлшері де кемиді. 583 деген кеңестік кезде соғылған әшекейлердікі, таза алтын 999,99 болмақ. бірақ ол пробамен еш елде де тақпайтын шығар. 583-ті бұрын бәрі де қолайлы көрді ғой.
0 дауыс

таза алтын 583 болады

0 дауыс

кобисинде 585 деп турады

0 дауыс
Ен тазасы 583 тазасы.
...