+2 дауыс
1.7k көрілді
Солтүстіктің суығы бізге де келіп қалды. Таңертеңгі аяздан кірпіктерім бір біріне жабысып қалып, көзімді аша алмай, өткенде мұзға оңбай құлап едім. Атамның айтатын 40күн шілдесі басталды ау сірә. Әжем мен атам пенсияларын алып маған бір таныс адамнан беріп жіберіпті. Пальтомен жаурап жүрген боларсың, шуба ма ,дубленка ма алып ки дейді телефон соқсам. Шуба мен дубленканың айырмашылығы қандай? Қайсысы арзан, қайсысы қымбат?

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Шуба - дегеніміз терінің жүн жағын сыртына, ал дубленка - дегеніміз терінің жүнін жағын ішіне қарата дайындалып, жылдың суық мезгілінде пайдаланатын сырт киім. Менің ойымша шубаның қазақшасы "тон" , ал дубленканың қазақшасы "ішік"- деп аталады. Тонның да, ішіктің де небір (табиғи,жасанды,түсі,пішіні т,с,с)  түрлері болады.

+1 дауыс

Шуба ол жан жануардың терісінен жасалатын дүние яғный ондатора (норковый) тағы сол сияқты қасқырдың т.б терісінен жасалады ал дубленка қойдың терісінен жаслады. сондықтан дубленкаға қарағанда шуба қымбат болып келеді.  

+2 дауыс

Көркем қыз! Жастарға дубленка жарасымды болады. Жылы, жел өткізбейді. Дубленканы қойдың терісін арнай технологиямен өңдеп, кожанка сияқты жылтыратпай, арнайы бояумен бояйды. Шубаға шоқ түсіп кетсе, ойылып күйіп қалады, көп күтімді қажет етеді. Дубленка одан мықты, төзімді, бірнеше жыл киюге жарайды.

+1 дауыс

Шуба деген терісі бағалы аңдардың терісінен тігілген  мех,дубленка деген - тері

...