+4 дауыс
836 көрілді
Менің сайтыма шабуыл жасады, коркем кз деп қойсаң ..ойнап айтамын. Үлкен сайттар хакерлер шабуыл жасады деп жатады ғой. Хакерлердің қай жерден шабуыл жасап жатқанын анықтауға бола ма? Олар адрестерін қалай жасырады сонда?
Көркем есте болсын біліп жүргенің артық етпес.
Хакерлер ешқандай сайтты бұзбайды қайта қорғаныс жасап антивирустар жасайды.
Сайттарды бұзатындарды крэкер деп атайды.
Хакер деген халықаралық қалыптасқан атауы.
Белгісіз
Рахмет. Біліп жүретін болдым. Барлық жауаптар үшін рахмет. Керемет мәліметтер екен.

9 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Нағыз тіс қаққан хакер артында із қалдырмайды шынымен. Ал былайша бұзып ұсталып жатқан жағдайда IP-адресін аныптап, сол арқылы компьютердің имей номерін біліп алады да GPS арқылы қай жерде тұрғаныңды біліп алады.

+3 дауыс
Хакерлер қарапайым сайттарға шабуыл жасамайды. Олар Пентагон Нато Фейсбук сияқты ірі сайттарға шабуыл жасайды. Бірақ ірі сайттардың базасы қорғанысы мықты болады. Оған хакерлер де арнайы құрылған анонимус хакерлері бірігіп бұзады. Оған ұзақ уақыт кетеді.
+2 дауыс

Егер шабуыл жасаған өз ісінің маманы, нағыз хакер болса ол артында із қалдырмайды ешқашан.

Қазіргі таңда екінің бірін хакер деп атап кеттік қой кішкене хтмл, программалау тілінен хабары болғандарды. Негізі хакер деген өте тәжірибелі, кез келген копирайтты да бұза беретіндерді, артынын ешқандай із қалдырмайтындарды айтады.

+3 дауыс

Көркем қыз! Хакер деп о баста өте сауатты программистерді айтқан. Қазір хакер деп интернеттегі пираттарды айтатын болды. Ірі сайттарға шабуыл жасап, оның қорғанысын бұзу жөнінде хакерлер арасында чемпионаттар өтіп тұрады. Хакерлер НАТО, НАСА, Фейсбук, Блюмберг, Касперский Лабораториясы, Твиттер сияқты қорғанысы мықтыдеген компаниялардың сайттарының қорғанысын бұзған. Олардың ІР-адрестерін анықтау мүмкін емес, 1-2 минут сайын өзгеріп отырады.

+4 дауыс

Хакерлердің қарапайым қолданушыларға зиянынан пайдасы өте көп, мысалы ақылы программаларды сындыратын, сосын тегін тарататын хакерлер (әсіресе майкрасофт өнімдерін), мысалы МS Офистің өзі 20-30 мың теңге тұрады, ал біздер интернеттен тегін жүктеп алып қондыра береміз, сосын кез-келген ойынды да теп-тегін алуға болады (кряктер, патчтар жасайтындар да солар). 

0 дауыс
Хакерлерді ұстау мүмкін емес.Мықты хакер болса
0 дауыс
Айпи адресін ауыстырып тастап істейтін шығар
0 дауыс
Хакерлердi ұстау көбiне мүмкiн емес.   Xaкерлер құқық бұзушылар емес, қазiргi заманның теxникасын жетек меңгергендер.
0 дауыс
Олар үнемір Ип адрестерін өзгертіп отырады егер мықты хакер болска
...