+1 дауыс
3.9k көрілді

Виджет деген не? Гаджет деген не? Ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай?

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Екеуінің асып бара жатқан айырмашылығы жоқ.

Гаджет - ол кішігірім бағдарлама, қосымша ақпарат беретін. Мысалы: ауа-райы немесе валютаның курсы. Компьютердеге гаджеттердің көбісі Google Gadgets болып келеді. Және Windows Vista, Windows 7 дегі панельдің бүйір жағында тұратын қысқа (мини)  бағдарламалар.

Виджет - бұл сайттар мен блогтарға қосымша міндетті қызмет қосатын, кішігірім скрипт-бағдарламалар, 
 

+2 дауыс

Екеуінің анықтамаларын оқысаң, айтарлықтай айырмашылық табылмайды.  Бірақ, көбіне гаджетті қатты қажеттілігі болмаса да,өте пайдалы және қызықты, басқа да құрылғылардың қызметін кеңейтетін құралды атайды. Гаджет деп mp3-плеері бар фонарикті, 3D очкилерді, usb-вентиляторді, сандық фото рамкаларды н/е жиналмалы клавиштерді атауға да болады. 

Сондағы екеуінің айырмашылықтары:

1. Гаджет - құрылғы, виджет - графикалық интерфейстің бағдарламасы н/е элементі.

2.  Гаджет құрылғылардың қызметін арттырады,  виджеттер алынған ақпараттарды көрсетіп тұрады. Мысалы, компьютер мен смартфондардың экранындағы ауа-райы, доллардың курсы, т.б мәліметтер.

 

+1 дауыс

Сондай-ақ, гаджет деп компьютерлік құрылғыларды айтады. Мысалы, компьютердің USB-портына қосып қоятын мини-светильник, мини-вентилятор сияқты. Олар USB-порттан шығатын 5 Вольт тоқпен жұмыс істейді.

...