0 дауыс
613 көрілді
Қазақстан медицинасына көңіліңіз тола ма? Және де өздеріңізді сақтандырдыңыздар ма?

9 жауап

0 дауыс
Менiн конiлiм толмайды дурыс ем жасамайды сонын кесiрiнен анамнан айырылдым
0 дауыс

е мае корыкпандар мен озым ак али танылып медицинага конылдеринди толтырам корыкпандар казактаар менин мулде конылым толмайды 

+1 дауыс

2014 жылдың қаңтар айының ортасынан бастап барлық емханалар жаңа жүйеге ауысады. Енді кезек күту деген болмайды, алдын ала дәрігер қабылдауына жазылуға болады. Жақсы жеміс береді деген үміттемін. Қазақстан медицинасының көп жерлеріне "қарным ашады". Болашақта оның барлығы да шешіледі деген ойдамын. 

0 дауыс

шынымды айтсам менин катты конилим толмайды себеби олар маган тез арада операция жасау керек деген болатын. Сонда анамның құрбысы Астрханға бар сол жақта жақсы жасайды деген болатын. Мен басында көптеген дәрі ішіп укол қабылдаған болатынмын. Астрханға барсақ мүлдем басқа ауру болып шықты. Маған кішкентай кезімде де операция жасатқан болатын. Сонда анам сол жайлы айтқанда орыстың докторлары қатты таңғалған. Олар анама жасатпағандарың жақсы болды дейді. Мен ойлап қарасам анамның құрбысы айтпаса менің бір жерімді байқамай кесіп алса мен өліп кетерім де мүмкін. Бірақ кейбір жерлерде докторлар жақсы.

0 дауыс

Өзім болашақ дәрігермін. Барлық нәрсені көпке топырақ шашып айтуға болмайды. Жақсы жүрген жерде жаман да журеді. Өте білімді дәрігерлер елімізде аз емес!

0 дауыс
Жоқ,көңілім толмайды.Көпке топырақ шашпай-ақ қояйын.Бірақ өзінің жұмыстарын білмейтін мамандар жетерлік.Мысалы,медбикелер.Сонда олар не оқыды?Не үшін бұл мамандықты таңдады?Оларды осы сұрақтар оойландырмайтын сияқты.Егер олар осы сұрақтар жөнінде ойланар болса,медицинамыз біршама дамушы еді.Алғашқы көмек көрсету жағы да білмегеннен кейін әлсіз,қаншама адамдар көз жұмып жатыр.Сонымен қатар,жай жедел жәрдем қызметіндегі дәрігерлердің  өзіне оқу өткізгенде үйлердің мекен-жайын да қосымша үйретсе жақсы болар еді.Әйтпесе,олар іздеп тапқанша адам жан тапсырып болады.Бұлай айтпасам да болар еді.Бірақ,сенесіздер ме,сол білместіктің кесірінен туысқан сңілім жетімсіреп қалды емес пе?!Енді оған кім өзінікіндей жақсы ана тауып бере алады?Сол айтқан мекен-жайды білмей,уақытты созып алған жедел жәрдем қызметіндегі жанашырлар ма?Кім?Бәріміз көңілін аулағанымызбен туған анасының орнын ешкім баса алмайды ғой!Солай емес пе?!
қайғыларыңызға ортақпыз...
0 дауыс
Көңілім толмайды. әрине жақсы дәрігерлер баршылық,бірақ сапалы емалу тек қана дәрігерге байланысты емес. Бізде жүйе дұрыс емес.Жоғары жақтан бір жоба келеді,соны жүзеге асырамыз деп , қатардағы дәрігердердің басын қатырады.дұрыс жұмыс жасауына мүмкіншілік жоқ етіп қойған.Мемлекеттік емханалардың бәрінде дәрігерлер жетіспейді,себебі жалақысына күн көру мүмкін емес.Менің таныс дәрігерім өзі хирург екі ауруханада жұмыс істейді,күндіз бір ауруханада болса, кешке түнгі сменге басқа ауруханаға барып кезекшілік етеді. Үнемі шаршап жүреді.Ол неге олай көп жұмыс істейді? себебі, жалақысы өте аз. Қазір дәрігерге алдын ала  жазылсаң да  кезек күтесің,аз дегенде үш- бес күн, оның арасында сенбі- жексенбі дегендей... ,

Осынша уақыт өткенде ауруың асқынады немесе созылмалы болады,әйтеуір дертің жаныңа батпаса дәрігерге баруға деген талпынысыңды жоғалтасың. Жанағы алдын ала кезек дегенді де сол ауырған адам ақысыз медицинаға жетуін қиындату үшін жоғарыдағы шенеуіктердің  ойлап тапқан әдісі сияқты.Меніңше ақылы емделуге қаражаты жоқ ауру адамды емдегеннен гөрі ,емдемей өлтіре салу біздің шенеуіктерге тиімді сияқты. Менің медицинаға көңілім толады.Мысалы дамыған елдерде инновациялық технологиялар,ғылыми жаңалықтар ашылып,бір кездері емі жоқ деген аурулар емделетін әдістер табылып дегендей өте жақсы дамып жатыр.Бірақ, бізде осы медицинаны басқарып отырған, өздерінше реформа деп регресс жасап отырған шенеуіктерге көңілім толмайды.
0 дауыс
Көңілім толмайды, әсіресе қызметкерлерге, дәрігерлердің де, медбикелердің де кемшілігі көп.
+1 дауыс
Дәрігердің де дәрігері бар, осы уақытқа дейін байқағаным ТЕК ҒАНА білімсіз дәрігерлер ғана менмендік танытып науқастармен дұрыс сөйлеспейді де, негізі адам көп ізденіп, көп оқыған сайын қарапайымдылыққа келе бастайды, дәрігерер де сол, өз ісіне жауапкершілікті сезінген, жақсы дәрігерлер өте қарапайым келеді, барлығына бірдей қарайды. Қазір жеке клиникаларда емделетін заман, сол жақтағы дәрігерлер мықты келеді, мүмкін ақша алғаннан болар, науқастарға жақсы қарайды

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
0 жауап
...