Көңілім толмайды. әрине жақсы дәрігерлер баршылық,бірақ сапалы емалу тек қана дәрігерге байланысты емес. Бізде жүйе дұрыс емес.Жоғары жақтан бір жоба келеді,соны жүзеге асырамыз деп , қатардағы дәрігердердің басын қатырады.дұрыс жұмыс жасауына мүмкіншілік жоқ етіп қойған.Мемлекеттік емханалардың бәрінде дәрігерлер жетіспейді,себебі жалақысына күн көру мүмкін емес.Менің таныс дәрігерім өзі хирург екі ауруханада жұмыс істейді,күндіз бір ауруханада болса, кешке түнгі сменге басқа ауруханаға барып кезекшілік етеді. Үнемі шаршап жүреді.Ол неге олай көп жұмыс істейді? себебі, жалақысы өте аз. Қазір дәрігерге алдын ала жазылсаң да кезек күтесің,аз дегенде үш- бес күн, оның арасында сенбі- жексенбі дегендей... ,
Осынша уақыт өткенде ауруың асқынады немесе созылмалы болады,әйтеуір дертің жаныңа батпаса дәрігерге баруға деген талпынысыңды жоғалтасың. Жанағы алдын ала кезек дегенді де сол ауырған адам ақысыз медицинаға жетуін қиындату үшін жоғарыдағы шенеуіктердің ойлап тапқан әдісі сияқты.Меніңше ақылы емделуге қаражаты жоқ ауру адамды емдегеннен гөрі ,емдемей өлтіре салу біздің шенеуіктерге тиімді сияқты. Менің медицинаға көңілім толады.Мысалы дамыған елдерде инновациялық технологиялар,ғылыми жаңалықтар ашылып,бір кездері емі жоқ деген аурулар емделетін әдістер табылып дегендей өте жақсы дамып жатыр.Бірақ, бізде осы медицинаны басқарып отырған, өздерінше реформа деп регресс жасап отырған шенеуіктерге көңілім толмайды.