+1 дауыс
1.8k көрілді

Мен қазір 10-сынып оқушысымын. Оқу үлгерімім жалпы алғанда жаман емес.

9-сыныпты Алматы қаласындағы О. Жәутіков атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика орта мектеп-интернатында оқыдым. Бірақ ол мектепке өз қалауыммен емес, ата-анамның айтуымен түскен болатынмын. Одан бұрынғы мектебімде өте жақсы оқитынмын. Физ-Матқа түсіп сабағым бірден нашарлап кетті, физика мен математикадан басқа сабақтарға мүлдем көңіл аудармай қойдым. Бірақ, соның өзінде жалғыз екі пәннің өзін сол мектепте мен игере алмадым.

Негізі, менің мінезім өте тұйық. Айналамдағы адамдармен бетпе-бет тілдесу өте қиын, ұялшақпын. Жақын адамдармен де қарым-қатынасым сондай. Осы мінезімнің кесірінен бе, әйтеуір мен ол мектепте оқи алмадым. Жасырмаймын, аздап жалқаулық та болды. Бірақ, ата-анамның көңілі, абыройы үшін сол мектепті алып кетсем деп ойладым, қанша тырыстым. Бәрібір қолымнан келмеді. 

9-сыныпты бітіріп, бұрынғы мектебіме қайта келдім. Қазір, Құдайға шүкір деп айтайын, физикадан да, математикадан да 5-ке оқып жүрмін. Физ-матта нәтиже болмағанымен, жай мектепте екеуін де алып кеттім. Бірақ барлық сабағым бірдей жақсы емес. Сол екі сабақтан басқасының бәрі 3. Ата-анам маған 5-пәнге физиканы таңдап, құрылысшы бол дейді. Архитектор боласың деп отыр. Қарап тұрсам, қыз балаға құрылысшы болған мүлдем жараспайтын сияқты. Жарасқанның өзінде де, мен ол мамандықты ұнатпаймын. Жалпы, физиканың мамандықтарын таңдағым келмейді, қызықпаймын.

Менің таңдағым келетіні - биология немесе химия. Екеуіне де қатты қызығамын, бірақ мен ол сабақтардан еш нәрсе білмеймін. Ата-анама дәрігер болайын десем, "сен енді физика мен математикадан жақсы оқып кеттің, физиканы таңдаған саған оңай болады, дәрігер болам деп 10 жыл оқығанша, 5 жыл архитектураны оқып, жұмыс істеп кеткенің жақсы емес па" деп менің көңіл-күйімді түсіреді. Оларға да өз ойымды айтып, қалағанымды оқиын деп айтайын десем, бетінен алып, сөз қайтарғандай болам ба деген ой келеді. Мен біреудің айтқанымен 5 жыл оқып, ұнамайтын бір мамандықты алғаннан гөрі, 10-15 жыл болса да өзімнің сүйіп оқығым келетін мамандықты таңдағаным дұрыс емес па? Қайта жақсы көретін жұмысың болса, оны шаршамай, қиналмай істейсің қой. 

Қысқасы, мен бәрібір биология таңдайтын шығармын. Қорқып та жүрмін... Екі пәнді бір жарым жылда оқып түсіне аламын ба? Тағы мен 0-ден бастаймын екеуін де. Қалай болғанда да үлгеруім керек. Бар уақытымды биология мен химияға арнаймын. 

Сіздер маған айтыңыздаршы, ҰБТ-да биология таңдаймын. Химиядан бәрібір де қосымша сабақ оқысам... маған биологиядан қосымша сабақ оқығаным дұрыс па әлде өзім кітаптарды көп оқи беріп мұғалімсіз түсіне аламын ба?

2 жауап

+1 дауыс

ех! Физ-Мат Тастап кеткенің жаман болыпты. Қазір сыныптастарыңның ішіндегі есеп шығаратын мықтыладың қатарында шығарсың? Физ Мат білім алам деген адамдардың баратын жеріғой Алматыдағы  Физ Матты бітірген адамдардың 80-90% кейн универ бітіріп банкте ал калған пайызы ғылым жолымен айналысады екен. Оқый бергеніңде сол 80-90% бірі болармедің!

0 дауыс

ҰБТ-ға физиканы таңдап, архитектор мамандығына түскенің дұрыс. Құрылысшы болып, салынып жатқан объектінің басында жүрмейсің. Кез келген құрылыс компаниясында проектно-технический отдел, ПТО деген болады. Сонда құжаттармен офистік жұмыс істейсің.
 

...