+1 дауыс
359 көрілді
Мен орнатып едім қосылмай тұр. Осы бағдарламаны қолданып көргенсіз бе? Bluetooth жұмыс істейді ме?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Қолданып көргенмін Bluetooth ды бағдарламада пайдаланып көрмеппін.

Соған Bluetooth жұмыс істемейді ғой дим. Осы программадағы файлдарды қалай алуға болады. Мен қазір осыған опера орнатып алдым, сонымен rghost.ru хостингіне салып сосын комптағы операмен жүктеп алып жүрмін. Тағы басқа жолдарын білесің бе?
Мысалы қай програманың файлдарын? Мен қарастырып көрейін.
MomentCam деген. Қарындастарыма содан фотоларын жасап беріп жүрген едім, соны алудың оңайырақ жолдары керек.
Шешімі табылды! ол үшін Dropbox бұлтты сақтау желісінде тіркелген болуыңыз қажет!
Толығырақ видеода.

Амор, саған алғысым шексіз. Бір қуантып қойдың, сенің бір амалын табатыныңа сеніп едім. Ренжімесең мына видеоны сөзбен түсіндіріп берші, мен қазір өз үйімде емеспін компым да касымда емес. Телмен кіріп отырмын, видеоны телмен бірде тоқтап, бірде жүріп дұрыс түсіне алмадым.
Elzhan, Көмегім тисе болғаны... Алдымен Dropbox бұлтты жадқа тіркелу қажет, сайты Dropbox.com тіркелгенен кейін Dropbox бағдарламасын компьютерге орнату қажет, орнатылған бағдарламаны ашып тіркелгендегі е-майл адреспен парольді жазып жадқа кіресіз де 1 папка ашып оған қалаған ат бересіз осымен болды. Енді BlueStacks бағдарламасына дәл осы Dropbox бағдарламасының андройтқа арналған нұсқасын GooglePlay ден орнатып аласыз, орнатылған бағдарламаға кіріп компьютерде жасағандай е-майл парольді еңгізіп жадқа кіресіз, енді компьютердегі ашқан папкіге суреттер саласыз да синхронизация болғаннан кейін BlueStacks бағдарламасындағы Dropbox ка кіріп әлгі папкінің ішіндегі суреттерді көресіз сол суреттерді бір-бірлеп ((мен өзім бір-бірлеп тастадым)) BlueStacks Бағдарламасындағы Андройд эмуляторынынң флешкісінің ішіндегі Picture папкасына экспорттайсыз, флешкасы SSd дегендей атпен тұрады. Әрі қарай MomentCam бағдарламасына кіріп Picture папкасындағы сурететрді сәндей бересіз. Сақталу жол: MomentCam өзі компьютердегі Dropbox папкісінде Camera Uploads деген папкі ашады, сол папкіге сәнделген әрленген суреттер түсіп отырады.
((Жазу көбейіп кетті негізі бір орнатып алсаң оңай))
Үлкен Рахмет!
...