0 дауыс
415 көрілді
Менiң жолдасымның жеке куәлiк бойынша аты Полатбек, ал қыздарымның (2008 және 2011 ж.т.) туу туралы куәлiктерiнде әкесiнiң аты Болатбекқызы деп жазылған. Қыздарымның туу куәлiктерiн өзгерту керек пе және қашан?

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Жақында ғана күшіне енген Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі 64-бабы бойыншща баланың атын және (немесе) тегін өзгертуге болады мынандай тәртіпте:
1. Ата-аналарының екеуi де тегiн өзгерткен кезде кәмелетке толмаған балалардың тегi өзгередi.
*Бала он алты жасқа толғанға дейiн ата-аналарының бiрлескен өтiнiшi бойынша тіркеуші орган баланың мүдделерiн негiзге ала отырып, баланың атын, сондай-ақ оған берiлген тектi ата-анасының екіншісінің тегiне өзгертуге рұқсат береді.*
2. Неке (ерлі-зайыптылық) тоқтатылған немесе неке (ерлі-зайыптылық) жарамсыз деп танылған жағдайда бала өзiне туған кезде берiлген тегін сақтайды.
3. Егер ата-аналары некенің (ерлі-зайыптылықтың) бұзылуын тіркеуші органда ресімдеместен бөлек тұрса және бала өзімен бiрге тұратын ата-анасы оған өзiнiң тегiн бергiсi келсе, тіркеуші орган бұл мәселенi баланың мүдделерiне қарай және нотариатта ресімделген басқа ата-ананың пiкiрiн ескере отырып шешедi. Ата-ананың тұратын жерiн анықтау мүмкiн болмаған, ол ата-ана құқықтарынан айрылған не олар шектелген, әрекетке қабiлетсiз деп танылған кезде, сондай-ақ ата-ана баланы күтіп-бағудан және тәрбиелеуден дәлелсіз себептермен жалтарған жағдайларда, ата-ананың пiкiрiн ескеру мiндеттi емес.
4. Егер ата-аналары некенің (ерлі-зайыптылықтың) бұзылуын тіркеуші органда ресімдей отырып, бөлек тұрса және бала өзімен бірге тұратын ата-анасы оған өзінің тегін бергісі келсе, тіркеуші орган бұл мәселені ата-аналарының екіншісінің пікірін ескерместен, баланың мүдделеріне орай шешеді.
5. Егер бала бiр-бiрiмен некеде тұрмайтын (ерлі-зайыпты емес) адамдардан туса және әкесi заңды тәртiппен анықталмаса, тіркеуші орган баланың мүдделерiн негiзге ала отырып, оның тегiн анасының осындай өтiнiш жасаған кезде болған тегiне өзгертуге рұқсат етеді.
6. Он жасқа толған баланың аты және (немесе) тегi заңды өкілдердің қатысуымен алынған оның келiсiмiмен ғана өзгертіледі.

Қалаңыздағы немесе ауданыңыздағы АХАЖ органдарына жүгінуіңізге болады
+1 дауыс
Егер сіз шын ниетіңізбен кеңес сұрап отырған болсаңыз,мен сізге қыздарыңыздың куәлігіне тиіспеңіз,керісінше жолдасыңыздың куәлігін ауыстырыңыз дер едім.Себебі Полатбек өзбек аты да,Болатбек таза қазақ есімі.Жолдасыңыздың куәлігін туралау қиындау ,біраз қосымша(Некек куәлігі,әскери билет,жүргізуші куәлігі,тұрғын үй құжаттары,т.б. сияқты)шығындар әкелетінін ескере отырып шешесіздер деп ойлаймын.Бірақ қыздарыңыз өскен кезде(балбақша,мектеп,жоғарғы оқу орны,құрбы-қатарлары,қызмет т.с.с.):
-"Тегің неге бұлай,өзбексің ба?"-деген сұрақтардың көлбеңдеп алдарынан талай шығатынын да ақылмен таразылаңыздар.
–1 дауыс
Ақгүл ханым Жако айтқандай отағасының есімін Болатбек деп қойсаңыз машақаты көп меніңше Полатбек Болатбек бұларда тұрған ештеңе жоқ артық шығынның қажеті қанша түсінігі төмен надан болса әкең өзбекпе демесе ұлтшылдық жақсы емес сізге кеңесім қыздарыңыздың метркесін ауыстырған жөн
+1 дауыс
Болатбек деп ауыстырту қиын болатын шығар... Қыздарыңыздың туу туралы куәліктерін ауыстырыңыз!!!
...