+2 дауыс

Интернеттен қалай көшіріп осы сж сайтына қоясыздар?

22.12.2013 636 қаралым
нені?мәтін бе әлде сурет,видео ма?

1 жауап

+2 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап

Керекті жеріңді белгілеп ("выделить") аласың да, жауап (сұрақ) жазатын жерге келіп қоясың ("вставить"). 

 

image

Суреттегі жасыл түспен қоршалған бөлікте тексттің баптауларын ("параметры") жасайсың, яғни қалыңдатасың ("Жирный"), қисайтып жазасың ("Курсив"), астын сызасың ("Подчеркнутый"), үстін сызасың ("Зачеркнутый").

 Алқызыл ("оранжевый") түспен белгіленген жерде текстті жазу алабының сол жағына ("По левому краю"), ортасына  ("По центру"), оң жағына ( "По правому краю") және теңестіріп ("По ширине") қоя аласың.

Ашық көкпен қоршалған бөлікте тізімді ретімен жазу үшін шегіндіруге болады. 

Құйық көкпен белгіленген жерде белгілі бір веб-параққа сілтемелеуге болады. Яғни тексттің керекті бөлігін белгілеп ("Выделить") етіп аласың да әлгі айтылған белгішені басасың. Пайда болған бетте сілтемелегің келген беттің мекен-жайын жазасың. "ОК"-ті басқаннан соң сілтемеленеді. Мысалға мына сілтемеде сурет орналасқан.

Қызылмен белгіленген жерде компьютеріңдегі немесе интернеттегі сурет қоюға болады.  Бірақ оңай жолы интернеттегі суретке тышқанды ("мышка") апарып оң жағын басып, "Копировать URL картинку" дегендң таңдайсың. Содан соң жауап (сұрақ) жазатын жерге барып қойсаң ("Вставить") сурет көрінеді.

Сарымен қоршалған бөлікте смайликтер қоюға болады. Яғни көңіл-күйіңді білдірудің оңай жолы осы. "Күліп жатырмын", "Түсіндім" деген сияқты сөздерді жазудың орнына смайликтерді қолдануға болады.

Түсінген шығарсың деп үміттенемін. Және де мағынасыз сұрақ екенін ескерте кетейін, себебі толық емес. 

22.12.2013

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,879Жауап
153,169Пікір
72,987Қолданушы