+1 дауыс
436 көрілді

Арсыз көрші! Өзімізге тиесілі кабельдік тв таратып тұрған сымымызды қиып, өздеріне жалғап алған көршіге қандай шара қолдануға болады?

Телевизорымыз АЛМА-ТВ кабельдік желісіне жалғанған, Бір-екі күн бұрын тв-дан ешбір канал көрсетпей қалды. Алма-ТВліктерді шақырдық. Келді. Қарады. Есіктің алдында тұрған кабелді су жаңа кабелге ауыстырып берді. Каналдар көрсетті. Ризашылығымызды білдіріп, оларды шығарып салдық.

Біраз уақыттан кейін көршіміз (көршілес квартирада тұрады) есік қақты. Аштық. Әкіреңдеп, өз тілі мен шала орысшасын араластырып (өздері әзірбайжан ұлтының өкілдері) "кабельдерімізді неге қиып тастайсыңдар" дегендей жағымсыз тонда әңгімелерін айтты. Біз де жағдайымызды түсіндіргендей болдық. Әйтеуір тарқастық. (сол көрші арамыздағы қарым-қатынас шамалы еді, бізден ала алмай жүрген өштері бардай, бізбен жиі араздасады, ойға сыймайтын орынсыз әңгімелерін айтып кетеді, біз де есені жібермей, оларды қайырып тастаймыз).

Келесі күні тв-каналдар көрсетілімі сапасының нашарлағанын байқадық. Қарасақ, көршіміз су жаңа кабеліміздің бір шетін ойып, оған өз кабелін "қалай болса – солай" жалғап қойыпты. Есіктерін қақтым. Ашпады. Соған қарағанда үйінде ешкім жоқ. Алма-ТВге звондадым. Олар да қырсыққанда көтермеді (сенбі күні демалыс екен ғо). Сабырсыздыққа бой алдырып, көршісымақтың кабелін өз кабелімізден жұлып тастадым.

Біраздан кейін қарасам, көршіміз кабелін қайта жалғап қойыпты. Есіктерін қақтым. Ашты. "Кабеліңді рұқсатсыз неге жалғадың?" дедім, "Сендер неге кабелімізді қиып тастайсың?" деп әкіреңдейді. (соған қарағанда олар осы күнге дейін, алматвліктер келгенге дейін біздің кабелді еш рұқсатсыз пайдаланып келген ғой шамасы)

Сабырмен мен де оған жағдайды түсіндірдім, бұл үшін ақша төлеп отырғанымызды, алма-твліктерді шақырғанымызды, олардың кабелді ауыстырып кеткенін. Кабелін алып тастауын өтіндім. Ол "ауыстырмаймын" деп қарсылығын білдірді. Онда өзім алып тастайтынымды ескерттім. Ол "алып көр, өзіңнің кабеліңді жан-жағынан қиып тастаймын" дейді. Ал, керек болса! Жек көріп кеттім!

Бұл көршіге енді қандай шара қолдануға болады?

6 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Бұл жағдайда сізге заң ғана көмектесе алады. Егерде арыз жазсаңыз көршіңіздің үстінен ҚР-ның Заңдарының "Біреудің мүлкіне еш рұқсатсыз қол сұғу" тармақшасы бойынша іс қозғалады. Сөйтіп көршіңізден кеткен шығындарыңыздың барлығын(еселеп) өндіріп алуға болады.

+2 дауыс

Кезекті дүниеде маңызды сұрақтардың бірі "Бұл дүниеде көршіңмен қалай тұрдң?"-деген сұрау болады екен. Осы тұрғыдан келетін болсақ бет жыртысып ұрысып жатқаннан көрі келісімге келген дұрыс болар. Бабаларымыз "Таспен ұрғанды,аспен ұр"-деген,әлі де түсінісіп көріңіз. Болмаса амал нешік Алма ТВ ның операторлары арқылы шешуге болды ғой. Негізі подъезге дейін антенна бір желімен келіп, әр квартираға коммутатор арқылы таратылатын еді, олай болса көршіңіздікі жөн болып қалуы да мүмкін.

0 дауыс

Негізі бұндай жағдайда әрине заң бару керек.сонда қойатын шығар..

0 дауыс

Кабель таратушы компания сізге де, көршіңізге де айыппұл салуға құқылы. Себебі:

- Көршіңіз заңсыз тв көрсету компаниясының қызметін пайдаланып отыр;

- Сіз оны көріп тұрып, қызмет көрсету компаниясына хабарап ескертпегенсіз. Яғни, компания (Алма ТВ) және клиент (Сіз) арасындағы жауапкершілік орындалмай тұр екен. Бұл жерде екі пункт қатар: қызмет (тв каналдарды пайдалану) және компания мүлкіне зиян келген (кабельді қиып, рұқсатсыз қосу);

- Сіз өзіңіздің мүліктік және жеке бас құқығыңызды моральдік және заң жүзінде қорғамаған себепті, өзіңіз және қызмет көрсету компаниясының құқықтары сақталмауда. Бұндай жағдайда еш сөзсіз тиісті шаралар қолдану керек. Әрине, көрші сияқты сауатсыз әрекетпен емес. 

 

0 дауыс
Бұл мәселені Заңмен шешу қажет
0 дауыс
Арызданғаныңыз жөн.
...