+5 дауыс
3.1k көрілді

Салем достар! Мен 18 демін. Үйде жалғыз қызбын. Анаммен ғана тұрамын. Нггізі туғанымнан бастап мені атам баққан.Менің әкем мен тумай жатып қайтыс болған екен. Мен үшін арман әкемнің түрін көру. Анамнан әкемнің фотосын сұрауға жіне қандай адам еді айтыңызшы деп айтуға қорқамын. Менің орнымда сендер болсандар  осылай айтатын едіндер? Кішкентайымда достарым әкесі мен анасын мәз болып мақтап айтып жатқанда мен атамды айта беретінмін. Барлығы сенің ата анан жоқ па? неге атанды айта бересін деп адамды ұялтатын. Менің өмірім негізі өзіме ұнамайды. Айтады ғо әке таза параққа қандай сурет салса балалары сол салған ізбен жүреді деп. а менің сол салған ізбен жүретін жолымды қасақана біреу шимайлап кеткен сияқты. Менің жанашырым аташым мені бірінші сыныпқа барамай жатып тастап кетті. Атам қайтқанда мен қандай күйде болғанымызды білсендерго тіпті өмірде ешкімге керек емес адам сияқты боп қалдым. Құдайға да жақсы адам керек дидіғо. Атанды қалдырам орыныныа сенің жаныңды алам десе ойланбастан берер едім. Шын менің атам сияқты адамдар аз. Тік мінезді,ақкөңіл,шыңшыл, кеңпейіл адам. Тіпті шыбынды да ренжітпейді. Болашақ күйеуімнің атама тартқаның қалаймын. Мен туғанда атам мені өзінің кіші ұлына жаздырып кеткен. Мен олардан жыулық көрмедім.  Документім солардың атында бірақ мені атамның үлкен ұлы бақты. Рақмет айтып өтем осы кезге дейін мені бақты. Өскенде мен оларға міндетті түрде рақыметімді айтамын. Кейде ұрысқан кезде жүрегім қақ жарылып кететін. Ал менің туған анам басқа жақта жұмыс жасап жүрді. Мен басқа балалар сияқты ананың аялы алақаның,әкенің тәрбиесін көргім келеді. Мен туған анамды бесінші сыныпқа келген кезде анам бар екенің білдім. Білген кеде қатты қуандым. Өмірге қайта келген секілді болдым. Бірақ анам мені жақсы көрмейді екен. Менің әкем анамды алып қашып кетіпті өз қалауымен тұрмысқа шықпаған. Сондықтан әкемді қалай жек көрсе мені де солай жек көретін ашық айтты. Тіпті алдыртып тастағым келген сені бірақ уақытынан асып кетіпті деп айтқанда жүрегімнің қалай ауырғаның білсеңіздерго. Өмірден түнілдім. Сондықтан шығар менің мінезім ауыр,ешкімге сене қоймаймын,тас жүрек болғаным. Мен колледжге түскелі анам мені алып қалаға көшті. Екеуміз бірге тұрды. Бас кезінде басқа үйдің адамы сияқты болып жүрдік. Бір күні анам түнде ұйықтап жатып мені құшақтаған кезде қуаныштан жүрегім жарылып кете жаздады. Көзіме ыстық жас келіп шегімді тарқатқанша жылап алдым. Кейін тұра келе маған жіби бастады жылы сөз айтса көзіме жас келе береді. Мейлі мені жек көрсе де мен анамды қатты жақсы көремін.  Қалай жақсы көретінімді білдіре алмаймын. Анама жақсы көретінімді қалай білдірсем екен? Ақыл айтындаршы өтініш.. Менің отбасымнан емес махаббаттан да жолым болмады. Мен бір ұлмен жүрдім. Мойындаймын шың жақсы көрдім. Бірақ ол сенің әкен жоқ мен сенімен жүрмеймін деп ашық айтты. Мен үндемей қала брдім. Кейде өмір сүргім келмей кетеді. Шаршаймын өмірден.  

10 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Өмір саған қатал сынақ жіберіпті. Сенің бұндайға шыдап, өмірмен күресе жеңе білдің. Өзіңе қандай жағдай болса да қол салма!Қиын болатын шығар, бірақ сен жеңе білуің керек. Әрбір нөсер жаңбырдан кейін кемпірқосақ шығады. Сенің өмірің сондай секілді қазір  жаңбыр жауып тұр, саған салқын бірақ кейін бәрі орнына келеді деп сенемін. Анаң сені жақсы көреді. Оған еш күмәнім жоқ. Қандай ана болмасын өз баласын жақсы көреді. Кейбір адамдар болады өз сезімін білдіре алмайтын, сенің анаң сол адамдар қатарынан шығар. Саған өз сезімін білдіргісі келеді, бірақ ол оның орнына саған ұрсып коя береді.(өзім сондаймын) Үйдегі фотоальбомдардың арасынан іздестіріп көр, онда әкеңнің суреті  бар болар. Қолайлы уақыт түскенде анаңнан әкең туралы сұра, қысылма, сенде өз әкеңді білуге қақың бар деп ойлаймын. Ол ұл саған қатал болған екен, өз қателігін түсінер артынан, бар өмірің алда, сені қандай жағдай болмасын шын сүйетін адам табылады. Қамықпа, бәрі жақсы болады...

Уйдеги барлык фотоны карагам. Таба алмадым. Балалы болганымда ешкашан балама урыспаймын да омир бойы жаксы коретимди сагат сайын емес минут сайын билдирип отырам.
0 дауыс

Достар кешіріңдер арасында қате жазылып кетіпті көңілім түсіп отырып жазғантынмын. 

+1 дауыс

Өте керемет жазыпсыз! Анаңызға қолқанат болыңыз көмектесіңіз барынша сонда анаңыз сіздің шын ниетіңізді түсінер.

Рахмет сизге
+2 дауыс

Әрине, ең бірінші, пікір білдіру барысында мен ешқандай мүддені көздемеймін. Тек барлық адам ұмтылған жақсылық, мейірімділік пен сыйластықты жақтаймын. Екіншіден, қаншалықты пікір білдіру деңгейі болса, сол деңгейде ғана субъективті пікір болып қалады. Бұны көңілге қабылдау, қабылдамау әрине өз еріктеріңіз. Бастысы, түсінушілік пен сыйластық болсын.

 

Адамды жақсы көргенде, оған кей жағдайда тікелей бетіне айту ауыр болады. Бірақ, оны айналып өтудің жолдарын ұсынар едім. Мысалы, жақсы бір ас түрін әзірлеп, соны сыйлау. Өз қолыңызбен бір бұйым жасап, қандай-да бір мерекені себеп етіп сыйлау, киноға билет алу, бірге бару. Айтпақшы, жақсы әндер қосып қоюға болады. Үйде бірге болғанда. Ол жақсы атмосфера қалыптастыратын сияқты. :)

 

Егер адамның басында қалыпты барлық адамдарда бар, бірақ менде жоқ болып қалатын жағдайдан тыс оқиғалар, жағдайлар болып қалса, салдарынан комплекстік белгілер пайда болу ықтималдығы бар. Бұл психологиялық, әсіресе жасөспірімдер психологиясы туралы оқулықтарда анық жазылған. Егер адам менде анау жоқ, менде мынау жоқ, мен сондай едім, мұндай едім деп іштей сезініп тұрса, оған міндетті түрде сол себептер үшін басқа адамдар келіп соқтығысады. Бұл физикалық заңдылық. Сондықтан, бұл ойларды лақтырып тастау керек. Былай ғой, бұлар тек адамның ішкі сезімдері. Біріншіден, жас балада психологиялық қолдау болмағандықтан, өсе келе ол дамып, түрлі белгілерді себепке алып, негатив формасында түсініп, ол өмірде белгілі бір кедергі қалыптастыруы мүмкін. Сол сияқты, позитивті жасай білсе, ол да дамып кетеді. Жақсы ғой. Көп сөзді созбайын, қысқасы, егер адам кемсіту формасында көзқарас қалыптастырып, пікір білдіріп ұялтса, ол адамның өзінде бір гәп бар. Ондай адамдарға назар аудармау керек. Тіпті, аулақ жүрген дұрыс. Зайырлы қоғамда, адамның өмір сүру сапасы мына белгілермен бағаланады:

"

1. Білімді болуымыз керек. Білімді болуға оқукерек.
2.       Бай болуымыз керек. Бай болуға кәсіп керек.
3. Күшті болуымыз керек. Күшті болуға бірлік керек.

А. Байтұрсынұлы

Біздің, Алаш ардақтысының сөзіне заман талабына сай қосарымыз:

 

4.       Ден саулығымыз мықты болу керек. Сау болу үшін салауатты өмір сүру керек.
5.       Мәдениетіміз жоғары болу керек. Бір бірімізді, қоршаған ортаны сыйлап үйренуіміз керек.
6.     Қайырымды болуымыз керек. «Елім маған не   береді» демей, «мен еліме не беремін» деп жұмыс істеуду үйрену керек. Болмаса: Жетім- жесірге, елімізге қолғабысымызды тигізу жолында жұмыс істеуіміз керек.

А. Нұрсила

"

Осы кестедегі пункттерді дамыту мақсатында жеке баспен шұғылдану, адамға да айналадағы жақын адамға да әсер ете алатын ең пайдалы әрі нәтижелісі. Осы пункттерді қадағалауды ұсынамын. Адам өз деңгейін өсірген сайын, сыйластық пен еркіндікті сүйетін, ашық жарқын ортадағы көзі ашық, оқыған адамдар қатарына жақындай түседі. Бұл дегеніміз, көп проблема өзі қашады, өмір сүру бір ләззәт деген сөз. Адам өзі де көп проблеманың алаңдап нерв құртуға тұрмайтынын түсініп, төбесінен қарайды деген ойдамын.

 

Сонымен қатар, мына мақала еске түсіп тұр:

Бағалау неліктен қиын?
Біреуді құнсыз етіп қарау - өте ыңғайлы қорғаныс түрі, ал оның мақсаты, таң қалдыруға тырысу, идеал көріну мен мойындатқысы келу салдарынан туындаған жан жарасын емдеу.
Осыған сәйкес, мынадай әрекеттер болып жатады:
- жігітін құнсыз ету:
Ол тақыс, қолынан ештеңе келмейді; өзі туралы ғана ойлайды, маған назар аудармайды; мұқият емес, көңіл бөлмейді (назар аудармайды), ақылсыз; одан қайыр күтіп керек емес, қысқасы, "өзім бірдеңе істемесем, ештеңе де жасалмайды".

- қызын құнсыз ету:
"Мен оған керек емеспін, өзін ғана ойлайды; меннен басқа біреуі бар (бағаламайды, мойындап қарамайды); әлсіздігімді пайдаланады, басқаруға тырысады, мені кінәлі еткісі келеді, шу шығарып жүреді, әрқашан көңілі толмай жүреді (бағаламайды)".

- баланы құнсыз ету:

"Тырыспайды, неменеге қызығатыны белгісіз (ештеңеге қызықпайды), сөзі, қылығы үшін ұят; рақымсыз (мені бағаламайды), түсініксіз (маған түсінікті болғысы келмейді), қысқасы, уайым қайғысыз жұмақ өмірін жасап бермеді".

- қатынасты құнсыз ету:

Ешкім мені түсінбейді, пайдаланып кетеді тек; ешкімге сенуге болмайды; тұйық болып, аулақ жүру керек - осылай жанымды ешкім жараламайды".

Бұларды ересек адамдардан көру, әрине күлкілі. Егер шынымен солай болып жатса, күлуге әлі ерте. Себебі, егер адам бала күнінен белгілі бір мейірімділік, қамқорлыққа қанағатсыз болып қалса, ол ересек болған күннің өзінде, бала күндегі қажеттіліктерді қалаумен өтетін көрінеді.
Бұл олқылықты саналы түрде сезініп, ақылмен әрекет етпесе, айналасынан махаббат, мойындау, сыйлауды, қамқорлықты күтумен өту ықтималдығы бар. Бұл әрине, іштей ауыр. Қалайсыз, бірақ бұл қалау өзі келмейтіні өкінішті. Орындалып жатса да, көбіне жасанды сияқты көрініп тұрады ма, қалай?! Кезінде жақын адамдарда сол мейірімділік мен қамқор, назарды қажет болғаны рас, бірақ олар өздерінің қара тірлігімен басқа мәселеге бастары қатып жүрген екен.
Егер сол қажеттіліктерді қазіргі жақындарыңыздан себепсіз вербалды емес күйде талап етіп, оларды міндетті деп ойласаңыз, соңында өкініп қалуыңыз мүмкін. Сонымен қатар, осы оймен, осы жан жарасының салдарынан, қорғануға тырысып, оларды бағасыз етіп, қырсық мінезбен қатынасу сәттері болып жатады, былайша сол арқылы жеңілдеп қалатын сияқты, бірақ бұл түптің түбінде көмек болмайды. Осының салдарынан жаны жалғыз қалып қоятындар болады.
Негізінде, басқа адамдар әке мен ананың қолдауындай, мейірімділігіндей сезім сыйлай алмайтын көрінеді. Сондықтан, оны іштей басқалардан талап ету , ақымақтық болар. Бұл олқылықты жеңуге мынадай ұсыныс бар: кешірімшіл болу.
Алдымен, өзіңізді. Одан соң, ақылға салып, саралап көрсе, кінәсі жоқ жолдас, туыстар, жақындарды. Адам өзі саналы түрде өз қатесін айқындап, одан соң кешірім сұрауды үйренбейінше, іштей негатив толып, адам тәртібіне, әрекетіне, сөзіне әсер ететін көрінеді. Бағалай білсе, бұл әлем шүкір етуге тұрарлық жақсылыққа, қуаныш сәттерге толы. Адамның өз ойы, өз өмірін қалыптастырады.
Өткен өмірде жасалуы керек еді, бірақ жасалынбаған, қанағаттану керек еді, бірақ қанағатсыз болып қалған көңілдің орнын толтыратын, оған жағдай жасайтын, әрине ең алдымен өзіңіздің қолыңызда екенін есте ұстаңыз. Бұл ең маңызды, әрі тереңірек түсінуді талап ететін сәт. 
Көбіне мынадай жағдайлар кездесіп жатады, адам өзіне жетіспегенді іздейді. Одан соң, оның себебін іздейді. Себебі, көбіне ата-анасына тіреліп жатады. Тәрбиесіне жауапты, қадағалаған адамдар ғой (әрине, саналы адам ең алдымен ата-анасына құрмет көрсететіні мораль, дін қағидаларында түсінікті жазылған). Сосын, оларға өкпелейді. Одан соң, ол өкпе кей жақындарға, одан әрі көңілі жасып қалған адамдарға ауа түседі. әрі қарай немен жалғасатыны бір жаратқанға белгілі. Бұның қарапайым себебі, біріншіден, адам білместікпен жасауда ғой. Яғни, өзінің эгосын дұрыс тәрбиелемеген, себебін негативпен ғана анықтаған, оның ғылыми зерттелген себептерін білмейді деп тұжырымдауға болатын шығар, үшіншіден, әлсіздік. Көңілді бір серпіп, ашық-жарқын, конфликтті түсінушілікпен шешуге қауқарсыз. Қазақта таспен атқанды, аспен ат деген тамаша мақал бар.

Дереккөз: Философия | Психология | Саморазвитие
http://vk.com/nurzhol.tabigat?w=wall210365689_814%2Fall

 

0 дауыс

Әкеңнің сурет көргің келіп жүрме.Сұрамаяқ қой себебі анаңның көңілі түсіп көз жасына ерік беруі мүмкін. 

Меним орнымда сиз болсаныз титтей болса да жыртык сурет болса коруге куштар болып турасыз. Просто меним орнымда болган кезде гана тусинесиз.
+1 дауыс

 Анаңызға қолқанат болыңыз көмектесіңіз сонда анаңыз сенің шын ниетіңізді түсінер деп ойлаймын...

Неге менің жазғанымды көшіре бересіз?
0 дауыс
Жаным сол, тусынем сены. Кабарлас Маган, сырласамыз
0 дауыс
Анаң ашуланбаған,шаршамаған кезде былай айт:Анашыммен сені шын жүрегімен жақсы көремін.деп айт
Сосын анаң жоқ кезде оған хат және суретін салып қой жүрекпен

Егер осы жоспар істелсе кментқа жазарсың.
0 дауыс
Және ана деген ешқашан баланы жаман көрмейт ! Ол шын .Мүмкүн сенің әкең мен сіз екеуіңіз оқсастықтарың бар шығар ?білмейм.
Және сен бір нәрсе білуің керек .Ол :не үшін сенің анаң сені әкеңдей жаман көреді ?-осы сұрақа өзің жауап бер бос уақытың болған кезде   Мыйың чиста болып тұрған кезде әйтпесе мыйың қатып кетет . Сіз жиі неге анам мені жақсы көрмейт деп ойлай берме .ок ?Білем сіз қандай үлкен кедергіге жолығып тұрсыз.Брақ кейін бәрі жақсы болат деп ойлаймын .
0 дауыс
Және ана ешқашан баланы жаман көрмейт .ол шын.Ол енді бұрнғы заманда болған шығар .

Мүмкін сенің әкең екеуіңнің оқсастықтарың бар шығар сондықтан анаң ұнатпайтын шығар ? Білмейм
Және сен осы сұрақа өзің жауап бер:не үшін менің анам мені әкемдей жек көрген? Мыйың чисто ,бос уақыт бар кезде ойлан .Әйтпесе басың қатып кететін шығар.

Бырақ Сіз жиі не үшін анам мені жек көреді деп көп ойламаңыз Мүмкін сенің анаңда проблема бар шығар менікі сияқты :көп шаршау ,үйде көп отыру
Мен білем сіз үлкеееен кедергіге жолығып тұрсыз .Бырақ кейін бәрі жақсы болар деп ойлайм .

Бұл Аяла

Ұқсас сұрақтар

...