0 дауыс
2.0k көрілді

География пәнінен "Адамның денсаулығы және ұзақ өмір сүру проблемасы" тақырыбына реферат керек еді

1 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап

Жыл сайын Бүкіләлемдік денсаулық күні, Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мамандарының пікірінше, барлық әлемдегі медицина қоғамының алдына қойылған маңызды проблемасын айқындайтын белгілі тақырыпта өткізіледі.

2012 жылғы Бүкіләлемдік денсаулық күнінің басты тақырыбы – «Жақсы денсаулық ғұмырға жас қосады» атты ұранымен қатар қарттық пен денсаулық жайында. Ғұмыр бойы денсаулықтың жақсы болуы егде ер адамдар мен әйелдердің жасына жас қосып, ұзақ жасауымен қатар, олардың барлық деңгейде қоғам тіршілігіне белсенді араласуына септігін тигізетініне көңіл аударылған.

Бүгінгі таңда қазіргі заманғы технологиялар және көптеген адамдардың өмір сүру деңгейі денсаулықты сақтауға, өмір сүру сапасын және ұзақтығын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Алайда, созылмалы инфекциялық аурулардың (жүрек-қан тамырлары аурулары, өкпе ауруы, обыр және қант диабеті) профилактикасы, геронтология саласында медицина қызметкерлерін және халықты жеткіліксіз ақпараттандыру орын алады. Көп ретте проблема адамдардың өз денсаулығына жауапсыз қарауынан, оны сақтау мен нығайту тәсілдері туралы жеткіліксіз ақпараттың немесе сапалы медициналық көмекке қолжетімділігінің болмауынан туындайды.

Қартаю үдерісін тездететін және өмірді қысқартатын аурулардың даму қауіп-қатерінің ең таралған факторлары: дұрыс тамақтанбау, дене қимылының төмен белсенділігі, темекі шегу, алкогольді шамадан тыс тұтыну, есірткі тұтыну, еңбек және демалыстың мерзімсіз тәртібі, күйзеліспен күресе алмау, уақытылы дәрігерге жүгінбеу болып табылады. Мұның барлығы созылмалы инфекциялық емес аурулардың, соның ішінде онкологиялық аурулардың өсуіне, өмір сүру сапасының және ұзақтығының төмендеуі.

Халықтың қартаюы барлық жерде болады, ең көп жылдам өзгерістер аз дамыған елдерде байқалады. Осындай әлеуметтік қайта қалыптасу проблемаларды туындатады және біршама мүмкіндіктерді ашады. Елдерде денсаулық сақтау жүйесін және егде жастағы халыққа қызмет көрсетуге арналған әлеуметтік қызметтерді дайындауға қатысты іс-шаралар ұйымдастыру қажеттілігі дамиды.

ХХ екінші жартысынан бастап, өмір сүрудің орташа ұзақтығы 20 жылға ұлғайған. 2050 жылға қарай ол тағы да 10 жылға өседі деп күтілуде. 21 ғасырдағы қартаю үдерісі өткен ғасырда қарттықтың қалай өткендігінен барынша ерекшеленетін болады. Бізге қарттықты қайта қарастыру қажет. Бүкіләлемдік денсаулық күні ДДҰ халықтың қартаюын алдын ала көре алатындай өмір сүруге қажет әрекеттер мен саясатты қарастырғымыз және құрғымыз келетіндігі туралы біздің ойлануымызды және бұрыш басына денсаулықты қоя отырып, тиісті жауапты шаралар қабылдауымызды ұсынып отыр.

Қазақстанда соңғы жылдары, бүкіл әлемде сияқты, егде жастағы халықтың саны өсіп келеді. 2010 жылғы 1 қаңтарда 65 және одан үлкен жастағы тұлғалар саны 1,1 млн. адамды немесе ел халқының жалпы санынан 7,14%  құраған. БҰҰ сарапшыларымен Қазақстан егде жастағы адамдар санының жылдам өсу қарқыны бар мемлекеттерге жатқызылған, олардың болжамы бойынша 2050 жылға қарай елімізде 25% егде адамдар күтілуде. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік Бағдарламасына сәйкес халықтың өмір сүруінің күтілетін ұзақтығы 2015 жылға қарай 70 жасқа жетеді.

Егде жастағы халық денсаулығының ерекше жағдайына еңбекке жарамды халықтың тиісті көрсеткішінен 2-8 еседен асатын бастапқы мүгедектіліктің және өлімнің, аурулардың ең жоғарғы деңгейі жатады. Ересек жастағы тұлғалардың негізгі үлесі ұзақ болатын созылмалы аурулармен, соның ішінде психикалық, көптеген патологиялардың (бір сырқаттың 3-5 аурудың) болуын, созылмалы мүгедектік аурулардың таралуын және жарақаттанудың жоғарғы деңгейін қоса алады.

Бүкіләлемдік денсаулық күні Қазақстанда жыл сайын аталып өтеді. Бүкіләлемдік денсаулық күнінің іс шаралары Қазақстанның барлық өңірлерінде Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің Салауатты өмір салтын қалыптастыру Ұлттық орталығымен дайындалған бірыңғай тұжырымдамаға сәйкес өтеді.

Өмір сүру сапасын және ұзақтығын жақсарту үшін денсаулықты сақтау және нығайту қағидаттары туралы халықты ақпараттандыруды артыру мақсатында медицина ұйымдарында Ашық есік күндері ұйымдастырылатын болады. Бұл күні ерекше басымдық тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің тізіміне кіретін медициналық профилактикалық (скринингілік) тексеріп-қаралудан уақытылы өтуде және егде жастағы адамдарға арналған Денсаулық мектептерінің жұмысын белсендіруде болады.

Бүкіләлемдік денсаулық күніне арналған іс шаралардың бастамашылары және ұйымдастырушылары белсенді ұзақ өмірді және денсаулық сақтау мүмкіндіктері туралы халықтың ақпараттандырылуын арттыруға, өз денсаулығын нығайту және сақтау мәселелері бойынша халықтың біріккен жауаптылығын күшейтуге, салауатты өмір салтына дағдыланған адамдар санын ұлғайтуға үміт артады.

рахмет, көмегіңіз тиді)))
...