+1 дауыс
1.3k көрілді

Бұл күнде "Қазақ десең,өзіңе тиеді"деген сөз расқа айналды.Бұрынғы қазақ- жомарт халық дейтін еді,құдайы қонағына астындағы жалғыз атын сойып беретін,ал қазіргі қазақ ше?бар болсаң көре алмайды,жоқ болсаң бере алмайды.Бұрынғы қазақ-"Жетім көрсең жебей жүр"-деп жетімін жылатпаған қазақ,ал қазір ше?жетімдер үйінің басшы-қосшылары,онсызда отбасының жылуына,ананың ыстық алақанына зәру байғұс балалардың тамағына,киім-кешегіне бөлінген ақшаны ұялмай қалталарына басып,бөліп алып жүр.Көптеген мекемелер  басшысы басқа ұлт болған кезде бәрі жақсы,соның орнына қалай қазекең келіп отырады-солай бәрі бұзылады,жұмысшылардың еңбегін жеу,жылда алып отыратын арнайы киімді(спецодежда) бермей қоядығой,былтырғыларың жарайды дейді.Қазақтың жүрген жері халтура,Неге солай?Қазақ деген халықтың қасиеті қайда кеткен? Мен жалпы ҚАЗАҚ жайлы айтып отырмын,жеке бір адамдарды емес.

3 жауап

+1 дауыс

Келісемін.Бірақта арасында қайырымды бұрынғы қазақи дәстүрді сақтайтында адам бар.Қайырымдылық жағынан біздің жағдайымыз нашар.Бала-бақша деген бәле болды.Ата-ана өзіне ауыртпалық сүргісі келмейме әлде басқама әйтеуір балаларын бала-бақшаға тапсырып жіберіп жатыр.Қайырымсыз болып бар жатырық.Бірақ бәрі емес.

+1 дауыс

Қазақ туралы айтып тұрсың, бірақ жеке адам емес солай ма? Қазақ деген жеке адамнан құралмайды ма? 

Қазаққа сөз тигізгенің дұрыс болмады.

Елім деп жүрген Мұхтар Шахановты қайда қоясың, Назарбаевты қайда қалдырасың,  Бекбоат Тілеухан ше?

Жетімдер үйне ақша аударып өзі түрмеге кете барған Қайрат Түнтековше? Айта берсең көп.

Қайдағы баз біреулер тура жолдан тайып, бұрысты қылықтары үшін қазақ дей салуың орындыма? Бұрын ата-бабам мынандай еді, анандай еді қазір қандай болып кетті деген алып қашпа сөз қажеті жоқ. Билікке таласу, біріге алмау, көре алмау бұрыннан сол ата-бабамыздан келе жатыр. Тарихқа үңіліп қара Қазақта мынандай сөз бар, бір қарын майды бір құмалақ шірітеді деген, осыныда ескер. Әр заманнын өз іріткі салар, жаңа сенайтқан адамдай адам болады. Тек жақсыдан тұру мүмкін емес. Сосын Тәуелсіздікті91де алдық. 22жасар жігітпен қыздар халықты қанап жеп жатыр деп ойлайсың ба? Орыстардың қол астында болған кезде. орыстардың берген мәдинеті, солардың үйреткені. Құдай жоқ деп оқытса, құдай жоқ деп өскен сол кісіер қазір құдайдан қорқады деп ойлайсың ба? Қазақ - қашанда кеудесінде оты бар мен үшін ҚАЗАҚ!!!  

Айттымғой,мен жалпы қазақтың қазіргі қасиетін айтып отырмын,арамызда бар қазақ үшін жанын салып жүрген адамдар,бірақ олар теңізге тамған тамшыдай болып тұрғой.Түнтековың деген арақ ішіп алып жол көлік оқиғасының себепкері болған жоқ па,оны Мұхтар Шахановтың қасына қойып теңестіруіңе жол болсын.
+1 дауыс
Қазақи қасиеттер біздің бойымыздан ешқайда кеткен жоқ. Тіліміз, өркөкірек намысшылдығымыз, білуге үйренуге құмарлығымыз, бәсекеге жақындығымыз, ағайынға адалдығымыз - бәрі де бойымызда, қанымызда.
...