0 дауыс
20.6k көрілді

Осы сайттан ғылыми жоба тауып (жазып ) беріңіздерші дегенді көп естимін.Бірақ ғылыми жоба дегеннің не екенін түсінбедім? Ғылыми жоба дегеніміз не ?анығырақ жазсаңыздар.

1 жауап

+2 дауыс
мектеп оқушыларының арасында болсын, студенттер арасында болсын әр түрлі тақырыптарға байланысты ғылыми жоба қорғау сайыстары болып тұрады. Яғни ғылыми жарыс. Одан кез келген пәнге байланысты  жаңа идеялар күтіледі. Университетте экология, педагогика  секілді кез келген  пәндерден ғылыми жоба жазу тапсырмалары жиі беріледі. Соған байланысты интернетте жиі іздестіріп жатады. Сонымен қатар студенттердің дипломдық жұмысы да ғылыми жоба болып есептеледі.

Ғылыми жобаның өзіне тән жеке ережелері мен талаптары болады.

Ғылыми жарыстардың негізгі мақсаты мен міндеттері:

оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарын ынталандыру;
Қазақстан Республикасының интеллектуалды әлеуетiн қалыптастыруға үлес қосу.
...