0 дауыс
816 көрілді

2 жауап

+1 дауыс
Жалпы, ұлт танымында 7 саны қасиетті сан қатарына жатқызылады. Себебі, бізде 7 санымен көптеген дүние  байланыстырылады...
сонымен жауапқа көшейін:
1) Мысыр пирамидалары — ежелгі Мысыр перғауындарының өзіндік үлгідегі мазарлары. Пирамиданың ең алғашқы іргетасы біздің заманымыздан бұрын 2800 жыл шамасында салынған екен.

2) Вавилонның (Бабылдың) аспалы бағы. Ол біздің заманымыздан бұрын 600-шы жылы шамасында салынған. Оны Ва­вилон әміршісі өзінің кіші әйеліне арнап жасатқан. Бүгінде ол қирап, жермен-жексен бол­ған. Оның орны қазіргі Ирак жерінде.

3) Эфестегі Артемида ғимараты кезін­де әлемдегі ең үлкен ғибадатхана болған.­

4) Олимпиядағы Зевс мүсіні біздің заманымыздан бұрынғы бес ғасырдың жәдігері. Оны көне грек мүсіншісі Фидий алтын мен піл сүйегінен жасаған.

5) Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда салынған.  Ол қолдан әдейі қойылған өрттің кесірінен қиратылды.

6) Күн құдайы Гелиостың мүсіні біздің заманымыздан бұрын 285-жылы жасалды. Биіктігі 45 метрлік алып мүсін 224 жылы жер сілкінісі кезінде қираған.

7) Александрия шамшырағы біздің заманымыздан бұрын 3 ғасырда жасал­ған. Мұнарасының биіктігі 160 метр.

 Әлемдегі осы алғашқы жеті кереметтен кейін тағы өзге де кереметтер пайда болып, аттары атала бастады. Оған Ұлы Қытай қорға­ны, Стамбулдағы Әулие София шіркеуі, Үн­дістандағы Тәж-Махал сынды жәдігерлер жатады. Сондай-ақ «Бермуд үштағаны», «Норве­гия түні», «Тунгус метеориті» табиғаттың ке­реметтері болып саналады. Ал «Нұх пайғамбар кемесі», «Қар адамы», «Ұшатын табақшалар» қиял-ғажайып кереметіне  жатқызылды.
+3 дауыс
соны білмейсін бе ??????? кай сыныпта окисың бастауыш па , ақымақ сұрақтар ғой мынауын !!!!!!!!

Ұқсас сұрақтар

...