ИНЩ Аллах!!! Пендеміз ғой. Алла Тағала бізді солай жаратқан. Өмірде жақсылық пен жамандық қатар жүреді ғой. Ол заңдылық. Жақсылық жасаңдар!!! Жаратқанның миіріміне сеніңдер. Иманды болыңдар. Бұл өмірдегі барша тірлік жасағаның арғы өмірге азық жинағаның. Өмірде жасаған жамандықтарын болса, Құдайдан шын ниетпен кешірім сұраңдар. Раббым бәрін кешіреді. Мінез - деген табиғат қой. Бірде дұрыс бірде бұрыс сөйлейсің. akosi-дұрыс айтасын. Сөйлеген сөзіне разымын. Жаман адам болмайды. Жамандық пен жақсылық бар.
Адам баласы тумысынан жақсылыққа да жамандыққа да бейім жаратылған. Бұл екеуі бір-бірімен астасып жатқан қасиеттер. Жаратушы Ие осы арқылы адамды тепе-теңдікте ұстап, оны қай жаққа да бейімділікте жаратқан. «Әрбір сәби әу баста мұсылмандық сипатпен дүниеге келеді, кейіннен оны ата-анасы яхуди, христиан немесе мәжуси етеді» деген хадис мұның дәлелі. Демек, әрбір сәби дүниеге алғаш келгенде мұсылмандыққа жақындық танытқанмен, кейін өскен ортасы оны өзіне бейімдетіп кетуі мүмкін.
Адам бойында сондай-ақ тәнқұмарлық, ашу, қырсықтық, ерегісу, қызғаныш сынды қисық мінездер де бар. Мәселе осы мінездерді өз ықтиярыңа бағындырып, дұрыс тәрбиелей білуде. Кез келген адам ар-ұжданды құрайтын – ақыл-қайрат, сезім, «раббани латифа» сияқты қасиеттерін жетілдіре білсе кәміл адам болуға талпынып, әлемнің түпкі мазмұнын түсінеді. Таным көкжиегін барынша тереңдете алған адам ғана нәпсісіне, мансапқұмарлыққа, атаққұмарлыққа жеңілмей, үлкен күнәлардан аулақ тұрады. Сондай-ақ ол қызғанышқа барып, амалдарының сауабын зая етпейді және қырсықтықтан арылып, уақытын текке кетіруден сақтанады.
Мұсылман бауырларым!!! Қазақ аты асқақтай берсін. Бір-бірінді бауырыңдай көріңдер. Раббына сен!!! Жүрегіңді тыңда, жамандықтан аулақ бол.