0 дауыс
373 көрілді

МС-Арсенал арасындағы ойын біте салысымен неге Озил жанкүйерлерінен кешірім сұрады?

Манчестер Сити-Арсенал ойынынан кейін...

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Себебі:

Лондондық «Арсенал» командасының жартылай қорғаушысы Месут Озил «Манчестер Ситимен» өткізген кездесуден кейінгі қылығы үшін жанкүйерлерінен кешірім сұрады.

«Канонирлер» кеше Манчестерде жергілікті командадан 6:3 есебімен ойсырай жеңілді. Ойын аяқталысымен Арсен Венгер шәкірттері Лондоннан келіп қолдау көрсеткен жанкүйерлеріне өз рахметтерін жеткізген болатын. Алайда бұл сәтте Месут командаластарының арасынан табылмаған-ды. Футболшының бұл қылығына команда капитаны Пер Мертазакер де реніш білдірді.

- Өкінішке орай, қызуқандылық салдарынан жанкүйерлеріме рахметімді жеткізбедім. Олар кездесуге ұзақ жол жүріп, көп ақша құртып келгенін білемін. Сондықтан сол қылығым үшін жанкүйерлерімнен кешірім сұраймын – деді футболшы Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында.

Естеріңізге сала кетсек, «Манчестер Сити» осы жеңісінен кейін турнир кестесінің 3-ші сатысына көтерілді. Ал «Арсенал» көшті бастап келеді.

Ақпарат массагет сайтынан алынды!

...