Манчестер Сити мен Арсенал арасындағы ойын біте салысымен не үшін Озил жанкүйерлерінен кешірім сұрады?

0 дауыс
429 қаралым

МС-Арсенал арасындағы ойын біте салысымен неге Озил жанкүйерлерінен кешірім сұрады?

Манчестер Сити-Арсенал ойынынан кейін...

• Санаты: Футбол

1 жауап

+2 дауыс
Жақсы жауап

Себебі:

Лондондық «Арсенал» командасының жартылай қорғаушысы Месут Озил «Манчестер Ситимен» өткізген кездесуден кейінгі қылығы үшін жанкүйерлерінен кешірім сұрады.

«Канонирлер» кеше Манчестерде жергілікті командадан 6:3 есебімен ойсырай жеңілді. Ойын аяқталысымен Арсен Венгер шәкірттері Лондоннан келіп қолдау көрсеткен жанкүйерлеріне өз рахметтерін жеткізген болатын. Алайда бұл сәтте Месут командаластарының арасынан табылмаған-ды. Футболшының бұл қылығына команда капитаны Пер Мертазакер де реніш білдірді.

- Өкінішке орай, қызуқандылық салдарынан жанкүйерлеріме рахметімді жеткізбедім. Олар кездесуге ұзақ жол жүріп, көп ақша құртып келгенін білемін. Сондықтан сол қылығым үшін жанкүйерлерімнен кешірім сұраймын – деді футболшы Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында.

Естеріңізге сала кетсек, «Манчестер Сити» осы жеңісінен кейін турнир кестесінің 3-ші сатысына көтерілді. Ал «Арсенал» көшті бастап келеді.

Ақпарат массагет сайтынан алынды!

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
3 жауап
0 дауыс
5 жауап
22.02.2014 • Санаты: Жалпы спорт Белгісіз сұрақ қойды
127,759 сұрақ
322,322 жауап
153,150 пікір
72,779 қолданушы